Іріктеу:
күні Қаралым2024 жылдың 23 желтоқсаны мен 2025 жылдың 23 қаңтары аралығында «Абай мұрасы – ұрпаққа аманат» республикалық видеороликтер байқауы өтті. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 746 оқушы қатысып, Абай Құнанбаевтың шығармаларын мәнерлеп оқып, өз шеберліктерін көрсетті.Қатысушылардың басты мақсаты – Абай шығармаларын (өлең, проза үзінді немесе Қара сөздер) сезіммен, дұрыс интонациямен, шығармашылық көзқараспен жеткізу. Видеороликтердің ұзақтығы 1-3 минутты құрап, сапалы дыбыс пен бейне талап етілді.
El Umiti Корпоративтік қоры Қазақстандағы интернат мекемелерінде тұратын 8-17 жас аралығындағы балаларды Instagram платформасындағы ерекше онлайн-байқауға қатысуға шақырады.
Қатысушы Абай Құнанбаевтың бір шығармасын (өлең, проза үзінді немесе Қара сөздерден) таңдап, жатқа оқуы керек. Камера алдында өнер көрсетіп, таңдаған шығармасын мәнерлеп, сезіммен, дұрыс интонациямен, акценттерді сақтап декламациялауы қажет.
Қазақстан мектептері мен колледждерінің тарих пәнінің мұғалімдері арасында өткен республикалық «Тәуелсіздік дәуірі» олимпиадасы өз мәресіне жетті. Бұл шара кәсіби даму мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған бірегей алаң ұсынды.
Алматыда дәстүрлі «ChemTalent: Химия олимпиадасы» өз мәресіне жетіп, еліміздің ең үздік жас химиктері анықталды. Биылғы шараға Алматы қаласындағы мектептердің 7-8-9 сыныптарынан «El Umiti Talent» республикалық олимпиадасының жартылай финалистері атанған 38 оқушы қатысты. Бұл — 33 мыңнан астам қатысушының арасынан іріктелген оқушылар.
Турнирге қатысушылар өздерінің шеберліктерін, стратегиялық ойлау қабілеттерін және шынайы спорттық рухын көрсетті. Ең үздіктер жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрініп, жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Астанада El Umiti Корпоративтік қорының өкілдері мен Нигериядан келген арнайы қонақ-Адений Кехинде, Инвестициялар жөніндегі кеңесші және Ardenil Projects & Investments Limited басқарушы директоры арасында кездесу өтті. Тараптар Нигерияда Қордың білім беру жобаларын іске асыруға ықпал ететін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім халықаралық әріптестік байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болды.
Барлық қатысушыларды жетістіктерімен құттықтаймыз және қатысқандары үшін алғыс айтамыз!
«El Umiti» қоры Қазақстанның дарынды жастарын қолдауға, азаматтық бастамаларды дамытуға және әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға арналған шараларын жалғастыруда. Биыл қор алғаш рет Маңғыстау облысында бірқатар іс-шара өткізді.
2024 жылғы 27 қарашада Астанада Қазақстандық әлеуметтанушылар мектебінің екінші легінің бітіру салтанаты өтті. Бұл конференция 8 ай бойы үздіксіз жүргізілен оқытудың қорытындысы болды. Оқу барысында қатысушылар Қазақстанның маңызды әлеуметтік проблемаларын көтеріп, олар бойынша өз зерттеу жобаларын әзірлеп шықты. Жобалар мектептегі орта, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбек көші-қоны және әлеуметтік желілерді талдау сияқты тақырыптарға байланысты болды.
31 қазан мен 1 қараша аралығында Астанада Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы және «El Umiti» корпоративтік қорының бірлесе ұйымдастыруымен «Егемендігім - елдігім!» республикалық оқушылар айтысы өтті!
26-27 қазанда Астанада дәстүрлі «El Umiti Cup 2024» ұлттық дебат турнирі қазақ және ағылшын тілдерінде өтті. 2021 жылдан бастап ұйымдастырылып келе жатқан бұл турнир мектеп оқушылары арасында Қазақстанның жас көшбасшыларын және болашақ ораторларын біріктіретін ең ірі республикалық дебаттық іс-шара ретінде өзін танытты.
29 тамызда ҚР Ұлттық мұражайында «El Umiti» премиясының финалы және үздіктерді марапаттау рәсімі өтті. Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан келген үздік студенттер мен оқушылар бірнеше ай бойы дайындаған өз әлеуметтік жобаларын қорғап, таныстырды. Нәтижесінде премия жеңімпаздары құны 500 000 теңгеден 2 000 000 теңгеге дейін тұратын білім гранттарына ие болды.
17 маусымда Ақмола облысының Зеренді ауылында орналасқан «Сұңқар» сауықтыру кешенінде «El Umiti-2024» жазғы білім беру лагері салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға Н.Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы, «El Umiti» Корпоративтік қорының басшысы Асланбек Әмрин, Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Жүсіпов Қанат Амантайұлы және Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Оразалин Шоқан Жетпісбайұлы қатысты.
«El Umiti» Корпоративтік қоры 2024 жылдың 18 наурызы мен 11 маусымы аралығында «2024 жылдың үздік жаңашыл психологы» атты республикалық онлайн-кәсіби шеберлік байқауын өткізді, оған республиканың 13 өңірінен 29 педагог-психолог қатысты.
«El Umiti» қоры корпоративтік қоры «Smart Ustaz» жобасы негізінде 6-7 маусым күндері Астанада «Оқу пәндерінің мазмұны арқылы ХХІ ғасырдың құзыреттілігін интеграциялау» атты республикалық семинар ұйымдастырды.
29 мамыр Астанада «Мың бала» ұлттық олимпиадасының қорытынды конференциясы өтті. Конференцияға жеңімпаз оқушылар мен еліміздің әр өңіренен келген «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының үйлестірушілері қатысты. Сондай ақ, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары - Жұмагелді Нұрлан, «Каспий дарыны» орталығының бөлім басшысы - Утебаев Серік, Қызылорда облысы «Дарын» орталығының дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі - Ташенова Гүлжазира спикер болды.
Биылғы олимпиадаға қатысу үшін ауыл мектептерінің 6-сыныптары арасында 83 мыңнан астам оқушы тіркелді. І кезеңге 76 642 оқушы қатысып, ең көп балл жинаған 5923 финалист келесі кезеңге өтті. II кезеңде олимпиаданың шекті балы ең жоғары 400 балдан 290 балды құрады. Онлайн тестілеу нәтижесінде үздік 1000 оқушының есімі белгілі болды.
«Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасының 5923 финалисінің есімдері анықталды.«Мың бала» олимпиадасы бесінші жыл қатарынан қабілетті ауыл оқушыларын анықтап келеді. 6 сынып оқушыларының арасынан шыққан жеңімпаздар дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде білім алу мүмкіндігіне ие болады. «Мың бала» олимпиадасын «El Umiti» қоры» корпоративтік қоры Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп өткізеді.
«El Umiti» қоры» корпоративтік қоры MNU университетінің БҰҰ клубымен бірлесе отырып 20-21 сәуірде Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі (MUN) іс-шарасын өткізді. Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі - бұл ғылыми конференцияның синтезі, оның барысында студенттер мен жоғары сынып оқушылары сауатты пікірталас жүргізуге, ымыраға келуге және қарым-қатынас дағдыларын дамытуды үйренеді. Қатысушылар Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қауіпсіздік Кеңесі, Адам құқықтары, Бас Ассамблея, «БҰҰ-әйелдер» деп аталатын 5 комитетке бөлініп, әртүрлі елдің делегаттары ретінде сынап көрді. Әрбір делегат нақты елдің атынан шығып, орган белгілеген күн тәртібіне қатысты алдын ала әзірленген ұстанымын білдіреді. Еуропадағы су проблемалары мен сапасы, су ресурстарын бөлу, жасанды интеллектті бақылау қажеттілігі және т.б. тақырыптар талқыланды.
23 қаңтар мен 7 наурыз аралығында «El Umiti Talent» республикалық олимпиадасының қысқы туры өтті. Олимпиада 7-9 сынып оқушылары арасында математика, химия, физика, география, биология, ағылшын тілі, информатика пәндері бойынша өтті. 15 наурызда Олимпиаданың қорытындысы шығарылып, Республика бойынша 13 облыстан 1,2,3 жүлделі орын алған 64 жеңімпаз анықталды.
ЕРЕЖЕ Фотосуреттер байқауы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже фотобайқауды (бұдан әрi - «Фотобайқау») өткiзу тәртiбiн реттейдi: 1.2. Фотобайқауды ұйымдастырушы – «El Umiti» қоры» корпоративтік қоры (бұдан әрі – Ұйымдастырушы). 1.3. Фотобайқауға фотосуреттерді қабылдау 2024 жылғы «8» сәуірден бастап 2024 жылғы «13» мамырға дейін Ұйымдастырушының <a href="mailto:press@el-umiti.kz">press@elumiti.kz электрондық поштасына (бұдан әрі - пошта) жіберу арқылы жүзеге асырылады, одан кейін Ұйымдастырушылар осы Ережеде жазылған шартта негізінде Instagram @ baikau _ elumiti әлеуметтік парақшасына жүктейді. 1.4. Осы Ереже Фотобайқауға қатысуға үміткер барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін ұсынылады.
«Үздік психолог – 2024 жыл новаторы» атағын алған финалист ұйымдастырушының есебінен Будапеште өтетін халықаралық оқыту курсына жолдама алады.
2024 жылдың 2 наурызында «Data Lab» зерттеу тобы Сарапшылар мектебінің аясында «Қазақстандағы кедейлікті жіктеу және бағалау әдістерінің талдауы мен тиімділігі» атты пікірталас өткізді, кедейлікті жіктеу мен бағалаудың әртүрлі әдістерін, олардың қолданылуын талқылады және Қазақстан жағдайында тиімділік, сондай-ақ елдегі кедейлікті бағалау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
2 наурыз, Астана. Data Lab командасы «Сарапшылар мектебінде» екінші оқу ағынын өткізеді. Мектептің мақсаты - әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша жас сарапшылардың деректерді талдау және зерттеу дағдылары саласындағы біліктілігін арттыру. Ақпан айында барлығы 80 өтінім берілді, оның ішінде 16 зерттеуші мектепке шақырылды.
Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары мен 14-18 жас аралығындағы колледж студенттері қатысты. Басты мақсат 1991-2019 жылдар аралығында тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңін зерттеуге оқушылардың қызығушылығын арттыру, сонымен қатар, көшбасшылық қасиеттер мен сыни ойлау, қарым-қатынас пен ынтымақтастық дағдысын дамыту. Олимпиада мақсатына жетті, іріктеу кезеңіне 1000-ға жуық адам қатысты
19 ақпанда «Мың бала» ұлттық олимпиадасының баспасөз конференциясы өтті.
Әлеуметтанушылар мектебіне түсуге 94 үміткер қызығушылық танытты, олардың 37-сі іріктеуден өтті. Мектептің ғылыми бағдарламаларына белсенді қызығушылық танытқан финалистер арасында білім беру, жұмыспен қамту және бизнес салаларының мамандары бар.
Барлық кезең бойынша 50 000 - нан астам қатысушы қамтылды. Оның 11 849 - ы «Елбасы медалімен» марапатталды. Қола деңгейінде 10 563 қатысушы, күміс деңгейінде 1019 қатысушы және алтын деңгейінде 267 қатысушы анықталды.
8 ай бойы «Kazakhstan Sociology Lab» әлеуметтанушылар мектебінің оқушылары төрт модуль бойынша оқудан өтіп, Астанада өткен бірінші лек түлектеріне арналған қорытынды конференция игі іс-шараны түйіндеді. Онда мектеп тыңдаушылары әзірлеген инновациялық зерттеу жобалары таныстырылды.
Бүгін, 24 қараша күні, елордада химия пәнінен оқушылар арасында ChemTalent байқауы өтті. Жарысқа «EL UMITI Talent» республикалық олимпиадасының жартылай финалисі атанған Астана қаласы мектептерінің 7-9 сыныптарының 40 оқушысы қатысты. Қатысушылар екі адамнан тұратын 20 топқа бөлініп, берілген тапсырмаларға сәйкес химиялық эксперименнтер орындады.
EL UMITI Премиясы – Қазақстанның келешегі зор көшбасшы жастарына арналған тың жоба. Жобаға 14 пен 18 жас аралығындағы, айқын көшбасшылық қасиеттері, белсенді өмірлік ұстанымы, өзін-өзі дамытуға және ұжыммен жұмыс істеуге ұмтылысы бар қазақстандық жасөспірімдер мен жастар қатыса алады. Ал мұндай жастар елімізде өте көп!
14 пен 18 жас аралығындағы жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында Қазақстан тарихы бойынша «Тәуелсіздік дәуірі» республикалық олимпиадасы
2023 жылдың 19 қыркүйегінде «El Umiti» қоры» корпоративтік қоры Астана қаласында «El Umiti» Премиясы» деп аталатын жаңа жобасының тұсаукесерін өткізді.
2023 жылдың 15-17 қыркүйегінде «Жастардың өзін-өзі басқару органдарының қызметін дамыту және қолдау» жобасы аясында Қарағанды облысының жоғары оқу орындарының студенттік өзін-өзі басқару органдарының мүшелері үшін көшпелі актив өтеді
Делегация Корпоративного фонда El Umiti находится в Сингапуре, где перенимает опыт и делится собственными наработками в области развития образования.
9-10 қыркүйек күндері әлеуметтанушылар мектебінде Workshop өтті. Шара офлайн түрде өтіп, қатысқан сарапшы мамандар қатысушыларға дәрістер оқыды.
Осы Ереже Жастардың тұлғалық дамуын көздейтін «El Umiti» Премиясы бағдарламасының (бұдан әрі - Премия) мақсаттары мен міндеттерін, өту тәртібін, мазмұнын және талаптарын айқындайды.
Асыраушысыз қалған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арнап «El Umiti» КҚ қайырымдылық іс-шарасын қолға алды.
Атырауда мұғалімдердің басқосуында “Білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің қауіпсіз білім беру ортасын құру жөніндегі өзекті міндеттері” атты тақырыпты қаузады
Комиссияның ұйғарымы бойынша, бағдарламада берілген тапсырмаларды толыққанды орындаған 112 қатысушыны марапаттауға ұсыныс енгізді.
Тұңғыш халықаралық турнирге Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан 24 команда қатысты.
2023 жылдың 23-29 маусым аралығында «El Umiti – 2023» білім беру лагері Бурабайда (Ақмола облысы) орналасқан «KEGOC оқу орталығы» демалыс орнында өтті.
Для участия в закупках товаров, работ, услуг потенциальный поставщик в срок до 18.00 ч.: 26 июня 2023 г., по адресу г. Астана, пр. Мәңгілік Ел 55/13, кабинет 2.16. тел.: 8(7172) 24-87-93 представляет предложения, скрепленное печатью (при ее наличии) с указанием следующих сведений
2023 жылдың 15 маусымында «El Umiti» корпоративтік қоры ҚР Оқу-ағарту министрлігімен және Дарындыларды қолдаудың еуропалық кеңесімен бірлесіп «Балалар мен жастардың қабілеттерін, дарындылығын диагностикалау мен дамытудағы өзекті мәселелер» I Халықаралық психологтар форумының алғашқы күні тәмамдалды.
«El Umiti» қоры» корпоративтік қоры «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздарын мамандандырылған мектептерге қабылдау қорытындысы бойынша 2023 жылдың 31 мамырдағы дерегін жариялайды.
Осы ереже «Жетістікке жету жолы!» бейнероликтер байқауын ұйымдастыру мен өткізу тәртібін, қатысушылардың мақсатын, санатын (бұдан әрі - Байқау) айқындайды.
Шараның негізгі мақсаты – қазақстандық мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілетін дамытудағы инновациялық жобаларды талқылау, сонымен қатар мектеп психологтарының құзыреттілігін арттыру.
Ауыл мектебінде 6-сыныпта оқыған оқушылар арасында тартысты дода болып, I-II кезеңнен сүрінбей өткен мың жеңімпаз анықталған болатын. Естеріңізге сала кетейік, «Мың бала» олимпиадасы осымен төртінші жыл қатарынан қабілетті ауыл оқушыларын анықтап жатыр.
«Мың бала» олимпиадасы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 2023 жылдың 3-7 сәуір аралығында өтіп, логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалауға арналған тапсырмаларды қамтыды.
Қостанай педагогикалық колледжінде «Еl Umiti» қоры» корпоративтік қорының білім беру жобаларының роуд-шоуы өтті.
«Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасында 5 мың финалистің есімі анықталды. Олар ауыл мектептерінің 6-сыныбында оқиды.
Даму мен білім алу үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынатын «El Umiti» корпоративтік қорының жобалары бүгінде жүздеген мың жас қазақстандықтарды қамтыды.
2023 жылдың 6 наурызында «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасына арналған брифинг өтті.
Тренингтің мақсаты – жергілікті оқу саласының мамандарын 7-9 жасар заманауи мектеп оқушыларының қабілеттеріне диагностика жасап, 10-11 жасар жасөспірім оқушылардың дағдыларын дамытуға арналған «Qabilet» қызметінің әдістемелерімен таныстыру.
Осы ереже Елбасы Академиясы бастамасымен ұйымдастырылған ертегілер байқауының (әрі қарай - байқау) жеңімпаздарын анықтауды реттейді.
Онда бағдарламаның жүзеге асу нәтижелерін қорыта келе, комиссия бағдарламаны табысты аяқтаған 2347 қатысушыны марапаттауға ұсыныс енгізді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 175 бұйрығымен бекітілген «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" 11-тармағына сәйкес «Елбасы Академиясы» КҚ жария талқылау үшін педагогтердің біліктілігін арттыру бағдарламаларының жобаларын орналастырады.
Жақсылық пен жаңалықтың жаршысы болған мерекеге орай Қызылорда, Атырау және Астана қалаларында мерекелік іс-шара өтті.
Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де «Елбасы Медалі» жобасы қатысушыларының марапаттау салтанатты рәсімі өтті.
Астанада екі күнге жалғасқан дәстүрлі «ТҰҢҒЫШ CUP» Ұлттық пікірсайыс гранд-турнирі аяқталды.
Облыстық әкімдіктегі салтанатты жиынға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатысты.
6-7 желтоқсанда Астанада «Оқушылардың қабілеті мен дарындылығын диагностикалау және дамыту» I республикалық психологиялық форум-семинар өтіп жатыр.
Елімізде геймификацияны қолдана отырып, Қазақстанның жаңа тарихы бойынша Ұлттық олимпиада өтті.
2022 жылғы 3-4 желтоқсан аралығында Ы. Алтынсарин атындағы Binom school қабырғасында екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатқан дәстүрлі «El Umiti Cup» Ұлттық пікірсайыс гранд-турнирі өз мәресіне жетті.
Бүгін елордалық Оқушылар сарайында "Елбасы медалі" Ұлттық мотивациялық жобасының 200-ден астам қатысушысын марапаттау рәсімі өтті.
Марапаттау салтанаты 2022 жылдың 1 желтоқсанында өтті. 58 қатысушының 41-і қола, 16-сы күміс және 1-і алтын медаль иеленді.
Форумның мақсаты -балалардың қабілеті мен дарындылығы психологиясы саласында отандық зерттеушілерді тарту.
2022 жылдың 24 қарашасында Астанада "Елбасы медалі" бағдарламасына қатысушыларды марапаттау жөніндегі комиссияның алтыншы отырысы өтті.
Тренинг бағдарламасының арқасында келесі жаттығулар орындалды:
Осы Ереже "Kazakhstan Sociology Lab" әлеуметтанушылар мектебінде тыңдаушыларды іріктеу және оқытуды ұйымдастыру тәртібін (бұдан әрі – Ереже) айқындайды.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында өткен Қазақстанның жаңа тарихындағы «Тәуелсіздік дәуірі» олимпиадасының іріктеу кезеңі аяқталды.
Көпшілікке қолжетімді ақпарат көздерінен «Smart edu» ЖШС жекеменшік ұйымы «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасымен аттас қашықтан өтетін «Мың бала» халықаралық онлайн олимпиадасын өткізіп жатқаны мәлім болды.
Қазақстанда «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорына қарасты Kazakhstan Sociology Lab әлеуметтанушылар мектебіне қатысу байқауы басталды.
Қазақстандық инновациялар немесе Edtech идеялары «2022 Learning Engineering Tools» білім беру технологиялары саласындағы ірі халықаралық байқаулардың біріне қатыса алады.
Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары мен Қазақстан Республикасы колледждерінің студенттері қатысады.
30 қазанда Астанадағы ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасы ғимаратында сағат 10:00-де Kodu Cup чемпионатының финалы өтті.
Edtech Asia 2022 саммиті барысында «Елбасы Академиясы» КҚ қызметкерлері Мeta компаниясының кеңсесіне барды.
«Smart Ustaz» жобасының Жаттықтырушыларға арналған тренингке (ТоТ) қатысушылар 2022 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі рұқсат берген курстың алғашқы сертификаттарын алды, бұл оларға басқа педагогтарды сабақтас құзыреттерге оқытуға мүмкіндік береді.
2022 жылғы 21-23 қазан аралығында М. Әуезова атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті қабырғасында «Жастар – жарқын болашақтың бастауы» тақырыбында «AQIQAT CUP» дәстүрлі республикалық пікірсайыс турнирі өтеді.
«Елбасы Академиясы» КҚ-мен Британдық Кеңес бірлесіп 2022 жылғы 20 қазанда Астанада жоғары білім саласындағы зерттеулер мен жобалар бойынша халықаралық сарапшылармен "Жоғары білім саласындағы зерттеулер мен жобалар" тақырыбындағы кездесу ұйымдастырды.
2022 жылдың 20-21 қазанында Ақтау қаласында «Мектеп жасындағы балаларда 4 «К» қабілеттерін диагностикалау және дамыту әдістемесі» тақырыбында екі күндік облыстық тренинг-семинар өтіп жатыр
Қатысуға ниет білдірген баршаңызға алғыс айтамыз. Байқау барысында платформада 700-ден астам қатысушы тіркелгенін бөлісуге қуаныштымыз.
Әлемдегі қазіргі жаһандық еңбек нарығы адамдарда жаңа құзыреттер болуын талап етеді.
Тұлғалық тұрғыда толық қалыптасқан парасатты жанды тәрбиелеу үшін ата-ана мен мұғалімнің әсері орасан зор.
Білім беру ұйымдарының педагогтары мен психологтары арасындағы республикалық тренинг 2022 жылы 26-28 қазан аралығында елордада өтеді.
Алматыда «Халықаралық әлеуметтану және саясат институты» қоғамдық қоры шығарған кітаптар топтамасының тұсаукесері өтті.
2022 жылдың 31 тамызында Нидерланд, Гаага қаласында өткен Еуропалық дарындыларды дамыту жөніндегі кеңестің 18-ші Халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады.
2022 жылы 322 жеңімпаздар дарынды балаларға арналған арнайы мектептерге тіркелді.
«Елбасы медалі» ерекшелік белгісінің 1323 иегері ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары балл жинап, ауылдық жерден келген 450 медаль иегерлері мемлекеттік білім беру грантын алды.
«Елбасы Академиясы» КҚ мен Eurasian Center for People Management бірлесуімен және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шарада Қазақстан мұғалімдері мен тәрбиешілерінің ең үздік кейстері қаралды.
«Qabilet» қызметі – XXI ғасырдың негізгі құзыреті бойынша қабілетті диагностикалау және анықтау қызметі – «4К»: креативтілік, сыни ойлау, коллаборация, коммуникативтілік.
EL UMITI бастамасы жобаларына қатысушылар бес күн бойы дағдылары мен біліктілігін жетілдіріп, семинарлар мен тренингтерден өтті, El UMITI бастамасына «Елбасы академиясы» КҚ мұрындық болды.
Іс-шараға “Елбасы медалі” челленджінің қатысушылары еріктілер ретінде қатысты.
30 және 31 шілдеде қазақстандық жүзу мен жүгіру әуесқойлары «Бурабай» ұлттық паркінде PikeMan жүзу жарысына және қиылысқан жерлермен өтетін жарыстар бойынша халықаралық жүгіру қауымдастығының (ITRA) тізіліміне енгізілген Aqbura Bay Trail-2 спорттық трейл жүгіру бәсекесіне қатысу үшін жиналады.
Нұр-Сұлтанда білім беру саласындағы мамандардың бейресми кездесуі өтті.
Бүгінде 140 миллионнан астам адам ай сайын Minecraft-та ойнайды және YouTube-те 1 триллион қаралым жинаған жалғыз бейнеойын болып тұр.
Бағдарлама спорт, кітап, оқу, ұлттық мұра, еріктілік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек тәжірибесі, дарын мен дағды сынды 7 негізгі бағыттан тұрады. Бұған 14 пен 29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатыса алады.
2022 жылдың 24 маусымында Астана күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында "Елбасы медалі" бағдарламасына қатысушыларды марапаттау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Нұр-Cұлтан қаласының шетінде тұратын, өмірде қиын жағдайға тап болған отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында «Вirge Oqý» жобасы аясында жетекші педагогтердің қатысуымен «Елбасы Академиясы» КҚ академиялық қолдау көрсетілді.
2022 жылғы 20 сәуір мен 20 мамыр аралығында «Елбасы Академиясы» ҚҚ Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында «Qabilet» қызметі жобасының қатысушылары арасында «Менің қабілетім» байқауы өтіп, 10 жеңімпаз анықталды.
Нұр-Сұлтан қаласында сарапшылар балалардың дарындылығы мен қабілеттерін диагностикалаудың маңыздылығы мен әдістері туралы айтты.
Стали известны победители олимпиады «1000 бала». Напомним, что «Академией Елбасы» вот уже третий год подряд проводится олимпиада для сельских школьников в два этапа.
«Мың бала» олимпиадасы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 2022 жылдың 4-13 сәуір аралығында өтіп, логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалауға арналған тапсырмаларды қамтыды.
Шымкентте өткен « Балалар мен жастардың таланты мен қабілетін дамыту құралы ретіндегі серіктестік» семинарға әр өңірдегі «Дарын» орталығының басшылары жиналып, жергілікті мамандармен тәжірибе алмасты.
2022 жылдың 3 және 4 мамырында мұғалімдер үшін «Жеке дамуды басқару: мақсат қою, жоспарлау, тайм-менеджмент», «Эмоциялық интеллект, эмоцияларды, күйзелісті, жеке дамуды басқару», «Эмпатия», «Педагогикалық іс-әрекетте эмоционалды күйзелістің алдын алу» тақырыптарымен Шымкент пен Түркістан қаласында мемлекеттік тілде тегін білім беру тренингтері өтті.
«Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасында 5 мың финалистің есімі анықталды. Олар ауыл мектептерінің 5 және 6 сыныбында оқиды.
2022 жылдың 1 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласында "Елбасы медалі" бағдарламасына қатысушыларды марапаттау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Комиссия бағдарламаны іске асыру нәтижелерін қарап, бағдарламаны табысты аяқтаған 793 үміткерді марапаттауға ұсынды.
Нұр-Сұлтанда сарапшылар дөңгелек үстел аясында балаларды тәрбиелеуге кешенді тәсілдің маңыздылығы туралы айтты. Кездесу мақсаты–ҚРБҒМ әзірлейтін «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» құжатының жобасына ұсыныстар әзірлеу және енгізу.
Наурыз мерекесін ұлықтау мақсатында Назарбаев орталығында 18 наурыз күні пікірсайыс турнирі өтті.
Семей мектептерінің ұстаздары арнайы тренингтен өтіп, сыни ойлау және жеке уақытты басқару дағдыларын меңгереді. Тренинг 17-19 наурыз аралығында өтеді. Тренингті «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры ұйымдастырады.
19 ақпаннан бастап ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасына қатысушыларды тіркеу басталды, тіркеудің аяқталу мерзімі: 20 наурыз. Олимпиадаға 1000bala.elbasyacademy.kz сайтында тіркелу арқылы қатысуға болады. Қатысушыларға қойылатын талап: олар 5 немесе 6-сынып оқушысы болу және соңғы екі оқу жылында Қазақстанның ауылдық мектептерінде оқу.
«Ел Үміті» бастамасы аясындағы «Елбасы медалі» жобасының қатысушылары арасындағы екі конкурс инстаграм әлеуметтік желісінде ұйымдастырылған. Кіл мықтыны анықтау үшін комиссия шешім шығарып, қорытындысын шығарды.
Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында «Елбасы медалінің» күміс және қола деңгейлерінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Жоғары марапатқа 400-ден астам қатысушы ие болды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған.
Бүгін Шымкентте «Елбасы медалі» жастар бағдарламасының қатысушылары марапатталды. Салтанатты жиында 214 қатысушы медаль иесі атанды.
ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Біз таланттармыз» атты есептік іс-шара өтті. Мерекелік концертті Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласының "Елбасы медалі" тәлімгерлері Шәкәрім университетімен бірлесіп "таланттар мен дағдылар" бағыты бойынша ұйымдастырды.
2021 жылғы 15 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысушыларды марапаттау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Комиссия бағдарламаны іске асыру нәтижелерін қарап, оны табысты аяқтаған 2259 адамды марапаттауға ұсынды.
Балалардың қабілетін диагностикалау олардың әлеуетін іске асыруға қалай көмектеседі? Академиялық білімді тәжірибе жүзінде тиімді пайдалану үшін қазақстандық оқушылар қандай дағдыларға ие болуы тиіс?
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Тұңғыш Президент күніне арналған Ұлттық дебат турнирінің финалы өтті.
Семей қаласында Kazakhstan Speedcubing Federation командасы алты жарым сағат ішінде 3000 Рубик кубигiмен Елбасы портретін жинады. Панноның биіктігі 2,8 м және ұзындығы 3,3 м.
"Елбасы Академиясы" КҚ "Birge Oqý" онлайн мектебінде мұғалім лауазымына байқау жариялайды. Байқау 2021 жылдың 30 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында өтеді.
27-28 қарашада Нұр-Сұлтан қаласындағы Оқушылар сарайында (Б.Момышұлы даңғылы, 5) Тұңғыш Президент күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекелеріне арналған Ұлттық мектеп оқушыларының пікірсайыс турнирі өтті.
Сая іздесең, ағаш ек. ҚР Тұңғыш Президент күніне және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматы мен Шымкент қаласында "Елбасы медалі" бағдарламасының жастары ағаш отырғызып, «Елбасы медалі» бағдарламасы қатысушыларының аллеясын ашты.
Бүгінде көптеген рэперлер елдің мәселесін қаузап, жұрт жағдайын жырларына қосады. «Елбасы Академиясы» Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай үздік рэп-орындауға онлайн-байқау жариялады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 175 бұйрығымен бекітілген «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" 11-тармағына сәйкес «Елбасы Академиясы» КҚ жария талқылау үшін педагогтердің біліктілігін арттыру бағдарламаларының жобаларын орналастырады. Жобаларды жария талқылау мерзімі 2021 жылдың 29 желтоқсанға дейін.
Экспедицияның басты мақсаты – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың шығармашылық және саяси жолын кеңінен насихаттау, өмірінен сыр шертетін маңызды орындарды аралау, «Ел Үміті» бастамасы аясындағы жоба қатысушыларымен бас қосу.
5-6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай студенттер арасында Ұлттық дебат турнирі өтеді. Ұйымдастырушылар – «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры мен «Ұлттық пікірталас федерациясы» ҚБ. Олар бүгін, 2021 жылғы 20 қазанда турнирді өткізу туралы шартқа қол қойды.
Нұр-Сұлтанда еріктілер мен олар құтқарған иттер туралы баяндайтын «Адам итке дос» атты көрме ашылды. Фотожобаны «Shiba help kz» еріктілер тобы «Birgemiz: Ayala» әлеуметтік іс-шаралар аясында ұйымдастырды. Көрме 4-17 қазан аралығында өтіп, екі аптаға созылады. Келушілер түрлі-түсті фотосуреттерден еріктілер көмектескен бұралқы иттердің әсерлі оқиғалары туралы біледі.
Ұстаздар күні қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Елбасының "Ел Үміті" бастамасының жобаларында жоғары нәтижелер көрсеткен ауыл мектептерін құттықтады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған оқушылар арасындағы Ұлттық дебат турнирі өтеді. Ұйымдастырушылар «Елбасы Академиясы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы (РҚББОӘО). 2021 жылғы 23 қыркүйек күні екі тарап іс-шараны өткізу туралы шартқа қол қойды.
Отбасы күніне орай Ақтауда психолог Ержан Мырзабаевтың “Бала тәрбиесіндегі эмоционалды интелектіні дамыту” атты семинар өтті. «Елбасы медалі» жобасының қатысушыларының ата-аналары мен тәлімгерлеріне баланың даму ерекшеліктеріне, мінез-құлықтарына аса назар аудара отырып, жан-жақты тәрбиелеудегі қиындықтарды еңсерудің жолын көрсетті.
1 қазаннан бастап 10-11 жастағы мектеп оқушылары қабілеттерін анықтау үшін ақысыз тест тапсыра алады.
Конституция күніне орай, «Елбасы Медалі» жобасының қатысушылары 1995 шақырым жүгіріп, спорттық марафон өткізді.
«Елбасы медалі» жобасына қатысушылар көшбасшылық дағдыларын дамытып қана қоймай, спортпен шұғылдануға да көңіл бөледі.
Еліміз бойынша «Елбасы медалінің» 605 иегері жоғары ұпай жинағанының және «Елбасы медалі» жобасының арқасында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды. Естеріңізге сала кетейік, "Елбасы медалінің" иегерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұпайлары тең болған жағдайда білім беру гранттарын алуға басымдық беріледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні деп бекітілді. Осыған орай «Елбасы медалі» жобасына қатысушылар бірнеше іс-шара өткізді.
«Елбасы медалі» жобасының жеңімпаздары мен танымал тиктокерлер Алина Ким (@hommm9k) және Әбдіқадыр Наурызбек (avdi_senpai) Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры Дариға Назарбаевамен кездесті.
Санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, Шымкент қаласында жетпіске жуық жастар домбыра шанағынан бірнеше күйлерді төгілтті.Сонымен бірге ұлттық аспапты ұлықтау мақсатында Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Түркістан, СҚО, Атырау, Көкшетау, Түркістан қалаларында да іс-шара өтті.
«Елбасы медалі» бағдарламасының қатысушыларын марапаттау үшін комиссияның үшінші кезекті отырысы өтті.Елбасының ұйытқы болуымен «Ел Үміті» бастамасы аясында 2020 жылдың шілде айынан бастап іске қосылған «Елбасы медалі» жобасына бір жыл толып отыр. Осы аралықта 14-29 жас аралығыдағы 21 мыңнан астам белсенді жастар қатысып, берілген тапсырмаларды үздіксіз орындап жатыр.
Академия Елбасы интегрирует в единую систему проекты, направленные на развитие будущего поколения лидеров и профессионалов страны. Сегодня "Академия Елбасы" становится центральной неправительственной организацией для развития сферы образования и поддержки талантливой молодежи.
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының басқарушы директоры Әнуар Жанғозин Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Ел Үміті” бастамасы жобаларының нәтижелеріне тоқталды.
«Мың бала» Ұлттық олимпиадасы жеңімпаздарының есімі белгілі болды. Олар – олимпиаданың II кезеңінде жоғары нәтиже көрсеткен ауыл мектептерінің 5 және 6 сынып оқушылары.
Бұл күндері Қазақстанның барлық қалаларында «Елбасы медалі» жобасына қатысушылар қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған бірқатар тағылымды іс-шаралар өткізді.
19 мамырда онлайн форматта «ПАНДЕМИЯ САБАҚТАРЫ: білім берудегі цифрлық трансформацияның бүгіні мен болашағы» атты конференциясы өтті. Педагогикалық конференцияның тұжырымдамасы пандемия жағдайында қашықтан оқыту режимінде өткен 2020-2021 оқу жылының қорытындылауға арналды.
Қазақстанның ауыл мектептерінде білім алатын дарынды бес мың оқушының есімдері жарияланды. Олар еліміздің жетекші мектептерінде және Елбасы Академиясының Вirge oqý онлайн мектебінде тегін оқу мүмкіндігі үшін таласады.
«Мың бала» Ұлттық олимпиадасының алғашқы 5 мың жеңімпаздың есімі анықталды. Олар ауыл мектептерінің 5 және 6 сынып оқушылары.
2 және 3 сәуірде бүкіл ел аумағында ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық Олимпиаданың бірінші кезеңі өтеді. Олимпиада жеңімпаздары дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер мен Елбасы Академиясының Birge oqý онлайн-мектебінде оқуға мүмкіндік алады.
Ауыл мектептері оқушылары арасында өтетін «Мың бала» ұлттық Олимпиадасына қатысуға өтінім қабылдау басталады. Тіркеу 24 ақпанда басталып, 24 наурызға дейін жалғасады. Олимпиада жеңімпаздары дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде және Елбасы Академиясының «Вirge oqý» онлайн-мектебінде бiлiмiн жалғастыруға мүмкіндік алады.
Шалғай өңірлердің екі мыңға жуық дарынды оқушысы Birge Oqý жобасы аясында еліміздің жетекші педагогтарынан білім алуда. Birge Oqý онлайн-мектебі - «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының ең танымал және сұранысқа ие жобалардың бірі.Академияның басқарушы директоры Әнуар Жанғозиннің айтуынша, жоба қала мен ауыл оқушылары арасындағы білім беру теңсіздігін қысқартуға бағытталған.
«Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының «Birge Oqý» онлайн мектебіңің математика, ағылшын тілі, қазақ тілі пәндері бойынша мұғалімдер мен тьюторларға байқау жариялайды.Байқау 2021 жылдың 8-21 ақпан аралығында өтеді.
2021 жылғы 20 қаңтарда «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысушыларды марапаттау жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтті. Комиссия бағдарламаны іске асыру нәтижелерін қарап, қола деңгейіндегі бағдарламаны аяқтаған тағы 2 535 адамды марапатқа ұсынды.2020 жылғы қола Елбасы медалі иегерлерінің екінші легінің тізімімен мына <a href="https://www.fnn.kz/ru/projects/4?tab=documents">сілтеме бойынша таныса аласыздар.
«Елбасы медалі» бағдарламасына қатысу бойынша сұрақтар келіп түсетіндіктен, ең көп қойылатын сұрақтардың жауабын жариялаймыз.
Шығыс Қазақстан облысының «Білім-инновация» мамандандырылған лицейінің оқушысы Темірлан Байболов El maqtanyshy сыйлығының иегері атанды және бір миллион теңге алды. Сыйлық ең беделді халықаралық пәндік олимпиадаларда жүлделі орын алған оқушылар мен олардың жаттықтырушы-тәлімгерлеріне арналған.
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Елбасы Академиясымен бірлесіп «El Úmiti» бастамасы аясында ең беделді халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлерін екінші жыл қатарынан көтермелеп келеді. Пәндік олимпиадалардағы үздік жетістіктері үшін мектеп оқушылары мен олардың педагогтарына сыйлық беріледі.
Кеше, 2020 жылғы 9 желтоқсанда, "Елбасы медалі" бағдарламасына қатысушыларды марапаттау жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті. Комиссия құрамына Нұрсұлтан Назарбаев Қорының, Елбасы академиясының, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Жастар Конгресінің, БАҚ және қоғам өкілдері енді.