1. Жалпы ережелер
1.Осы Ереже "Kazakhstan Sociology Lab" әлеуметтанушылар мектебінде тыңдаушыларды іріктеу және оқытуды ұйымдастыру тәртібін (бұдан әрі – Ереже) айқындайды.
2. "Kazakhstan Sociology Lab" әлеуметтанушылар мектебі (бұдан әрі - Мектеп) - "Елбасы Академиясы" корпоративтік қорының (бұдан әрі-Академия) білім беру жобасы.
3. Мектептің мақсаты - сарапшылардың деректерді жинау мен талдаудың заманауи цифрлық технологияларымен жұмыс істеудің әлеуметтанулық білімін, құзыреттілігі мен дағдыларын дамыту.
4. Мектепке конкурстық негізде қабылданады.
5. Мектепте тегін оқи алады.
6. Тыңдаушылар саны - 40 адамға дейін, Академия шешімімен олардың саны өзгеруі мүмкін. Сондай-ақ үміткерлердің резервтік тізімі қалыптастырылады.
2. Байқауға іріктеуді өткізу тәртібі
7. Конкурстық іріктеуді Академия жүргізеді.
8. Қатысуға жоғары оқу орындарының студенттері мен әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы мамандар шақырылады (әлеуметтану, әлеуметтік жұмыс, саясаттану, мәдениеттану, философия және т.б. салалар).
9. Конкурсқа келесі талаптарға жауап беретін үміткерлер қатысуға құқылы.
10. Үміткерлерге қойылатын талаптар:
1) әлеуметтану, әлеуметтік жұмыс, саясаттану, мәдениеттану, философия, дата-аналитика және т. б. саласында аяқталмаған және аяқталған жоғары білім беру құпталады, алайда эмпирикалық зерттеулерді жүргізу дағдылары расталған қатысушыларға басымдық беріледі;
2) үміткерлердің жасы 18-ден 35 жасқа дейін. Байқауға қатысуға Академия шешімі бойынша 35 жастан жоғары жастағы үміткерлер жіберілуі мүмкін;
3) мотивацияның жоғары деңгейі;
4) 2023 жылдың ақпан-шілде аралығында онлайн режимде және 2-3 күндік офлайн семинарларда оқуға қатысу;
5) эмпирикалық зерттеулер жүргізудің расталған дағдыларының болуы (жұмыстар тізбесі және негізгі жұмысы) қоса беріледі;
6) ұсыныс хаттардың болуы құпталады.
11.Үміткерлер талаптарға сай болған кезде А) жас, б) "Әлеуметтану" мамандығы бойынша білімі бар, в) өз жұмыстары мен зерттеулерінің мысалдарын ұсынған, г) ұсыныс хаттарын ұсынған үміткерлерге артықшылық беріледі.
12. Байқау қатарынан өтетін екі кезеңнен тұрады:
1) бірінші кезең онлайн өтінім құралдары арқылы үміткерлерді тыңдаушы ретінде іріктейді (Ережелерге қосымша), оның барысында неғұрлым ынталы үміткерлерді ереженің 10-тармағына сәйкес іріктеу жүзеге асырылады.
2) екінші кезеңде статистика бойынша онлайн курстан өткені туралы сертификатты беру керек. Ұсынылған курстардың тізімін Академия ұсынады.
Егер үміткер курстан өткені туралы сертификатты ұсынылған тізбеден бермеген жағдайда, ол курстың мазмұнын Академиямен жұмыс тәртібімен келісуі керек.
13. Байқау нәтижелері туралы ақпарат Академияның веб-сайтында орналастырылады.
14. Іріктеудің әр кезеңінің нәтижелері туралы Академия үміткерді өтінімде көрсетілген электрондық пошта арқылы жазбаша хабардар етеді.
3. Мектепке қатысуға өтінім беру тәртібі
15.Үміткерлер өтінімді өз бетінше береді.
16. Бірінші кезеңге қатысу үшін 2022 жылдың 1 желтоқсанына дейінгі мерзімде Академияға келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) Ережедегі қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінім сілтеме бойынша онлайн түрде беріледі (google нысаны)
2) білімі туралы диплом болған жағдайда;
3) орындалған жұмыстар (мақалалар, дипломдық жұмыстар, есептер, кез келген тиісті материалдар) болған жағдайда;
4) үміткердің жеке қасиеттері мен жетістіктерін сипаттайтын ұсыныс хаттар болған жағдайда. Академия ұсыныс хат берген тұлғамен байланысу құқығын өзіне қалдырады.
Өтінім қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.
17. Өтінім қарастырылмайды және байқауға қатысуға жіберілмейді:
1) электрондық пошта арқылы жіберілген;
2) байқау шарттарына сәйкес келмейтін;
3) құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен құжаттар.
18. Академияның өтінімдерді қабылдамау себептері хабарланбайды.
4. Мектепті ұйымдастыру тәртібі
19. Оқыту аралас форматта жүргізіледі: офлайн режимде (үш 2-3 күндік семинар) және онлайн режимде (4 онлайн курс, әрқайсысы 2 ай, аптасына 2 сессия).
20. Әрбір тыңдаушымен құпиялылық туралы келісім жасалады.
21. Мектеп тыңдаушыларының үлгерімі соңғы зерттеу жұмысын әзірлеуімен анықталады.
22. Зерттеу жұмыстарының бағыттарын Академия ұсынатын болады.
23. Зерттеу жұмысының тақырыбы мен орындалу форматын (жеке немесе топтық) тыңдаушы бірінші семинардан кейін анықтайды.
24. Оқытуды қазақстандық және шетелдік сарапшылар жүргізеді. Мектеп оқытушыларының тізімі тиісті курс басталғанға дейін хабарланады.
25. Курс тізіміне келесі тақырыптар кіреді (курстың бағдарламасы Академия шешімімен өзгертілуі мүмкін):
26. Қаладан тыс үшін семинарға қатысу шығындарын (2-3 күндік) Академия ішінара жабады.
27. Мектепке қатысу келесі жағдайлардың бірі басталған кезде тоқтатылады:
1) тыңдаушының оқудан бас тартуы;
2) семинарға қатыспау (2-3 күндік офлайн іс-шаралар);
3) дәлелсіз себептермен онлайн оқытудың болмауы және топтан елеулі артта қалуы (курс және Академия оқытушысының шешімі бойынша);
4) қорытынды жұмысты орындауда прогрестің болмауы;
5)Академияның талаптарына сай құжаттарды ұсынбау (жеке куәліктің көшірмесі, дипломның көшірмесі, құпиялылық туралы келісім және т. б.).
6) тыңдаушының қоғамдық тәртіп пен әдепті бұзумен байланысты теріс қылық жасауы.
28. Осы ережелердің 27-тармағында көрсетілген жағдайлардың басталуы Академияның кейінгі жобалары мен іс-шараларына қатысуға жіберуден бас тарту үшін негіз болады.
29. Әлеуметтанушылар мектебінде оқу қорытындысы бойынша сертификаттар табысталады.
Қосымша
Ережеге қосымша
«Kazakhstan Sociology Lab»
әлеуметтанушылар мектебіне
қабылдау және оқытуды ұйымдастыру
2022 жыл «11» қараша № «98»
«Kazakhstan Sociology Lab» әлеуметтанушылар мектебіне
оқуға үміткерлерге арналған онлайн өтінім
«Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры «Kazakhstan Sociology Lab» әлеуметтанушылар мектебін сарапшылардың деректерді жинау мен талдаудың заманауи цифрлық технологияларымен жұмыс істеу дағдылары мен құзыреттерін, әлеуметтанулық білімдерін дамыту мақсатында ұйымдастырды.
Мектепке қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі.
Мектепте оқу тегін.
Тыңдаушылар саны 40 адамға дейін, академияның шешімімен олардың саны өзгертілуі мүмкін. Сондай-ақ үміткерлердің резервтік тізімі құрылады.
Қатысуға жоғары оқу орындарының студенттері мен әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы мамандар шақырылады (әлеуметтану, әлеуметтік жұмыс, саясаттану, мәдениеттану, философия және т.б. салаларда).
Дербес деректерді жинауға және өңдеумен танысып, келісім бергенімді растаймын
- Иә
- Жоқ (сауалнама жабылады)
ҮМІТКЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
- Ер
- Әйел
7) Білімі
8) Диплом бойынша мамандығы ______________
9)Білімі туралы құжатты жүктеңіз(бар болса)
10)Бітірген немесе қазіргі уақытта оқитын оқу орнын көрсетіңіз _________________
11)Қазақ тілін білу деңгейі (бір тармақты ғана көрсетіңіз)
Тіл білімінің минималды жиынтығы 1 2 3 4 5 жетік білемін / еркін меңгеру
12)Орыс тілін білу деңгейі Тіл білімінің минималды жиынтығы 1 2 3 4 5 жетік білемін / еркін меңгеру
ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ
13) Жалпы еңбек өтілі (жылдармен)
14) Соңғы 3 жылдағы жұмыс тәжірибесін көрсетіңіз (бар болса) - ұйым атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, бүгіннен соңғы жұмыс орнына дейін
15) Сізде зерттеу тәжірибесі бар ма?
16) Жұмыстар тізімі (мақалалар, дипломдық жұмыс, есептер, кез келген тиісті материалдарды көрсетіңіз) ______________________
17) Жұмыстарыңызды жүктеңіз (бар болса).
ЗЕРТТЕУ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ
18) Сіз қандай салада зерттеу жүргізесіз немесе жүргізгіңіз келеді? Сіз бірнеше жауапты таңдай аласыз
19)Әлеуметтанушылар мектебі аясында жарияланған курстардың қайсысы сізді көбірек қызықтырады? Сіз бірнеше жауапты таңдай аласыз
20) Сіздің ойыңызша, курста қандай тақырыптарды қосымша қарастыру керек? ___________________
ҮМІТКЕРДІ ЫНТАЛАНДЫРУ
21) Мектепке қатысу мотивацияңызды сипаттаңыз (100-150 сөзден тұратын мотивациялық хат).
МЕКТЕПТЕ ОҚУ
22) Мектепте оқуға аптасына қанша уақыт бөлуге дайынсыз?
23) Мектеп курстарына қатысу үшін сізде компьютер бар ма?
24) Мектеп туралы қайдан білдіңіз?
ҰСЫНЫМДАР
Ұсыныстар алу үшін ғылыми жетекшінің, жұмыс берушінің, әріптестің байланыстарын көрсетіңіз
25) ұсыныс хаттарды тіркеңіз (бар болса).
26) Аты-жөні, ұйым, лауазым, байланыс
27) Осы жолаққа мектеп ұйымдастырушыларына хабарлау қажет деп санайтын барлық ақпаратты жазыңыз.
2022 жылдың 11 қарашасындағы «Елбасы Академиясы» КҚ директорының №«98» бұйрығымен бекітілді.