2022 жылғы 21-23 қазан аралығында М. Әуезова атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті қабырғасында «Жастар – жарқын болашақтың бастауы» тақырыбында «AQIQAT CUP» дәстүрлі республикалық пікірсайыс турнирі өтеді. Турнирдің негізгі ұйымдастырушысы – «AQIQAT» интеллектуалды пікірсайыс клубы. «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры турнирді ұйымдастыру идеясын қолдап, демеушілік етті.
Турнирге республиканың барлық аймағынан 116 фракция жиналды. Жас ораторлар Тәуелсіздік жылдардағы елдің басты жетістігі, Елбасының мәртебесі, Жаңа Қазақстанның даму жолы, елдегі web сериалдардағы цензураның болмауы, 300 комитетт, көпшілікке азшылықтың пікірін насихаттау және осы секілді өзге де қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайды.
Шара барысында «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының Басқарушы директоры Мұрат Жұманбай, - «Турнирлер – пікірсайыс қозғалысын дамыту құралдарының бірі ғана. Жас ұрпақтың бірыңғай бағдарлары, Астанада, Алматыда немесе Шымкентте ортақ білім базасы болуы маңызды. Осы мақсатта біз пікірсайысшы әліппесін және төрешілік етудің біріңғай ережелер жинағы – пікірсайыс кодексін дайындап жатырмыз. Пікірсайыс хартиясын қолдағандарды көріп тұрмын, енді сіздің қолдауыңыз бұрынғыдан да қажет. Әркімді өз тәжірибесімен бөлісе отырып, біздің жобаларымызға қатысуға шақырамын. Шындап айтсақ пікірсайыс дамудың ең маңызды факторы – мемлекеттің немесе басқа біреудің колдауы, қаржыландыру мен демеушілері, турнирлердегі сыйлықтар емес. Ең маңызды – бірлік, себебі күшіміз бірлікте» - екенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, қазір «Елбасы академиясы» корпоративтік қоры қазақстандық пікірсайыс қозғалысының дамуын белсенді қолдайды, студенттер мен оқушылар үшін жыл сайын Ұлттық гранд турнирлер ұйымдастырады. Сондай-ақ түрлі пікірсайыс клубтары өткізетін халықаралық турнирлердің демеушісі. «AQIQAT CUP» турниріне де демеушілік қолдау көрсетті.
Сонымен қатар жуырда Елордада өткен пікірсайыс тарихындағы алғашқы пікірсайыс Маусымашарының Бас ұйымдастырушысы.
Қысқаша ақпарат: 2015 жылдан бастап ұйымдастырылатын «AQIQAT CUP» турнирі еліміздің ең мықты пікірсайысшылары жиналатын оңтүстік аймақтағы ең ірі пікірсайыс турнирлерінің бірі.