«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасын тауып жатыр. Асыраушысыз қалған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арнап «El Umiti» КҚ қайырымдылық іс-шарасын қолға алды.
🎒Қордың атынан «Qabilet қызметі» жобасы аясында республика бойынша 1-11 сыныпта оқитын және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы, өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтарындағы, SOS балалар ауылындағы барлығы 160 балаға мектепке керек-жарақтарды табыстайды.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың жаңа оқу жылының алдында көңіліне демеу болып, білім алуына ынтасын арттырады.