Атырауда мұғалімдердің басқосуында “Білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің қауіпсіз білім беру ортасын құру жөніндегі өзекті міндеттері” атты тақырыпты қаузады. Екі күнге жалғасатын дәстүрлі іс-шарасы барысында сала мамандары бас қосып, алдағы оқу жылының бағыт-бағдарын талқыға салды. Кеңес аясында өңірлерде белгілі тақырыптық бағыттар бойынша секциондық отырыстар басталды. Атырауда ол «Оқыту барысында қауіпсіз ортаны қалыптастыру» деген тақырыпта өтіп жатыр.
Дәстүрлі жиын аясында EL UMITI корпоративтік қорының «Smart Ustaz», «Qabilet» жобасының тренигтері өтеді. «Qabilеt» жобасында Кенже Бейсембаева «Эмоционалды интеллект: эмоцияны басқару әдістері мен механизмдері», «Smart Ustaz» жобасында Айым Жылқайдарова «Стигматизация теориясы және мұғалімдер мен тәлімгерлерге арналған мектептегі буллингтің алдын алу», Майя Наримова «Дағдарыстар және әртүрлі жастағы балалардың даму ерекшеліктері: өзара әрекеттесу әдістері» атты тренинг өткізеді.
Жаңа мақсат, жаңа міндет жүктейтін республикалық тамыз кеңесі биыл алғаш рет жаңа форматта өтіп жатыр. Жиында барлық 20 өңір тақырыптық бағыттарға бөлініп, педагог-тәжірибешілер, сарапшылар, психологтар тәжірибесін бөліседі. Бұл қатысушыларға білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің өзекті түйткілдерін шешуге, қауіпсіз білім беру ортасын құруға септігін тигізетін іс-шара.