2022 жылдың 31 тамызында Нидерланд, Гаага қаласында өткен Еуропалық дарындыларды дамыту жөніндегі кеңестің 18-ші Халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады. Оған Елбасы Академиясының қызметкерлері де шақырылды.
Нидерланд - 4 жастан 18 жасқа дейінгі дарынды оқушыларға арналған ұлттық міндетті бағдарлама жұмыс істейтін әлемдегі алғашқы елдердің бірі. Сонымен қатар мұнда негізгі дифференциациядан бастап балаларға қамқорлық жасауға дейін, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсетіледі.
Нидерландтағы білімнің басты ұстанымы - әр бала дарынды! Конференцияның алғашқы күні практикалық семинарлар мен шеберлік сағаттары өткізілді. Мысалы, ерекше білім беру қажеттіліктері мен дарындылық белгілері бар балаларды оқыту тақырыбы — әр балаға жеке көзқараспен қарауды басты негізге алған мұғалімнің жұмыс жоспары.
Дарындылықты дамытудың психологиялық мәселелеріне, руханият пен зияткерлікті сәйкестендіруге көп көңіл бөлініп келеді.