Байқау педагог-психологтардың кәсіби деңгейін арттыруға және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға бағытталған.
Байқау екі кезеңмен өткізіледі:
I кезең – облыстық (іріктеу), «Дарын» облыстық орталықтары өткізеді.
II кезең – республикалық (қорытынды), Қор онлайн форматта өткізеді.
Байқауға мына үш категория бойынша жұмыс өтілі бар орта білім беру ұйымдарының, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының, «Qabilet» өңірлік қызметтерінің педагог-психологтары қатыса алады:
- 3 жылға дейін;
- 3-тен 7 жылға дейін;
- 7 жылдан және одан да көп жыл.
«Үздік психолог – 2024 жыл новаторы» атағын алған финалист ұйымдастырушының есебінен Будапеште өтетін халықаралық оқыту курсына жолдама алады.
Толық ақпаратпен конкурс ережесінде танысуға болады.
Барлығына сәттілік!