6-7 желтоқсанда Астанада «Оқушылардың қабілеті мен дарындылығын диагностикалау және дамыту» I республикалық психологиялық форум-семинар өтіп жатыр. Іс-шарада «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорына дарындылықты қолдау жөніндегі Еуропалық Кеңеске кіргенін растайтын ресми құжат берілді. Сертификатты кеңес хатшысы Чилла Фусжек табыстады.
Бұл ұйым 2015 жылы құрылған. Дүние жүзінде осы сертификатты иеленген 25-тен астам дарындар орталығы жұмыс істейді. Мақсаты - мүмкіндіктері жоғары тұлғалар арасында мұғалімдер, зерттеушілер, ғалымдар мен оқушылардың ата-анасымен деректерді алмасу.
Ең алдымен «Qabilet» қызметі» жобасының беделді халықаралық ұйымға мүше болуы - дұрыс бағытта дамып келе жатқанымызды көрсетті. Бала бойындағы талантын анықтауға арналған әдістемелеріміз шетелдік серіктестер тарапынан жоғары бағаға ие болды. Қазір біз дарынды балалардың ұлттық картотекасын құрып, мемлекеттік мекемелерге өздерінің саясатының тиімділігін арттыру үшін осы ақпаратты ұсынамыз.
«Qabilet» қызметі» жобасының командасы өздерінің жоғары кәсібилігін көрсеткеніне қуаныштымын, - деді директор Асланбек Әмрин.
Форум аясында әдістеме авторлары, «Qabilet» қызметі» жобасының жаттықтырушылары ҚР өңірлерінен келген мектеп психологтарына тақырыптық тренингтер мен шеберлік сабақтар өткізді.
Форум мақсаты - балалардың қабілеті мен дарындылығы психологиясы саласында отандық зерттеушілерді тарту. Форумда балалардың қабілеті мен дарынын анықтауға, қолдауға, дамытуға байланысты заманауи сын-қатерлер, психологиялық-педагогикалық құралдар жүйесі талқыланды. Сарапшылар пікір алмасып, балалармен жұмыс істеудің сәтті мысалдарымен бөлісті.
Айта кетейік, форумға: 🔶Дарындылықты дамыту жөніндегі Еуропалық кеңестің хатшысы Чилла Фусжек;
🔶Дарынды балаларды зерттеу жөніндегі жетекші қазақстандық маман, профессор Ақмарал Сатова;
🔶Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы;
🔶ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова;
🔶«Адамның үйлесімді дамуының ұлттық институтының» директоры Есенғазы Иманғалиев;
🔶«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Арыстан Сатанов;
🔶«Qoldau» білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесі» ҚБ басшысы Фарида Эйвазова.
Қазақстан психологтары қауымдастығының және білім басқармаларының өкілдері, «Дарын» орталықтарының басшылары, психологтар және т.б. қатысты.