Edtech Asia 2022 саммиті барысында «Елбасы Академиясы» КҚ қызметкерлері Мeta компаниясының кеңсесіне барды, оларды Reality Lab әзірлеушілер зертханасының басшысы Кой Лам қарсы алды. Кездесу барысында Кой мырза Метаның даму стратегиясымен бөлісті.
Академия қызметкерлері халықаралық әріптестерінің назарын бірден бірнеше жобаға аударды:
«1000 bala» - еліміздегі ауылдық жерлерде тұратын оқушыларды қолдау мен дамытуға бағытталған ұлттық жоба.
«Medal Elbasy» – 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған бастама, ол спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік және т.б. жеті бағыттан тұрады.
«Qabilet» - оқушылардың қабілеті мен кәсіби бағдарлануын диагностикалаудың ұлттық жүйесін құру, сонымен қатар, қабілетті балалар мен дарынды жастардың зияткерлік және жеке әлеуетін іске асыру үшін сүйемелдеу және қолдау қызметін ұйымдастыру.
Іс-шарада қатысушылар шетелдік әріптестермен әлеуетті ынтымақтастықты және алдағы уақытта жобаларды дамыту барысын талқылады.
EdTech Asia саммиті – оқу мен қызмет саласындағы ең жаңа үрдістер мен трендтерге арналған заманауи пікірталас алаңы. Мұнда 21 ғасырда білім беруді өзекті ету мен дамытуға бағытталған инновация мен технологияның сан түрі көрсетіледі. Жиын білім беру саласының болашағына әсер ете алатын инвесторларды, кәсіпкерлерді, корпорация басшыларын, академиялық қызметкерлерді, кеңесшілерді және пікір көшбасшыларын бір алаңға жинады.
⠀Іс-шараның мақсаты – оқыту, даярлау және оқыту стандарттарын жаңа деңгейге көтеру. Биыл конгресстің тақырыптары оқыту технологияларына арналды.Соның ішінде: заманауи оқу орнына қажетті корпоративтік сынып жүйелері және инфрақұрылымдық шешімдер, сонымен бірге мектептер мен жоғары оқу орындарында да, жұмыс орнында да тиімді білім беру үдерісі үшін маңызды басқа технологиялар.
⠀2022 EdTech Asia Summit-те оқыту мен қызмет саласындағы жаңа үрдістерге бағытталған көптеген пікірталас мен презентация бар. Сонымен қатар, қызықты сессия форматтары, сарапшылардың жетекшілігімен семинарлар, іскерлік кездесулер, өнімді іске қосу және көрсету, көптеген кураторлық материал және іс-шараға дейін және одан кейін өткізілетін EdTech экожүйесінің қосымша делегациясы ұсынылған.