1. Осы ереже «Жетістікке жету жолы!» бейнероликтер байқауын ұйымдастыру мен өткізу тәртібін, қатысушылардың мақсатын, санатын (бұдан әрі - Байқау) айқындайды.
2. Байқауға 14-18 жас аралығындағы «Елбасы медалі» ерекшелік белгісінің иегерлері және ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары (бұдан әрі - Қатысушы) қатыса алады.
3. Байқауға қатысу тегін.
4. Байқау ұйымдастырушысы: «El Umiti» қоры»корпоративтік қоры (бұдан әрі - Ұйымдастырушы).
5. Байқаудың мақсаты - «El Umiti»бастамасы жобаларының қатысушылары арасынан көшбасшыға тән қасиеті бар, белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасқаншығармашыл жастар қауымдастығын құру.
6. Өтетін уақыты мен мерзімі: 2023 жылғы 22 мамырдан 4 маусымға дейін.
7. Қатысушы белгіленген мерзім ішінде өзінің Instagram парақшасына өзі жасаған бейнероликті орналастырып, бейнероликке «El Umiti – 2023» жазғы лагеріне барғым келеді» деп сипаттама жазып, Ұйымдастырушының @el_umiti.kz парақшасын міндетті түрде белгілеуі қажет.
8. Байқауға ұзақтығы 2 минуттан аспайтын бейнероликтер қабылданады. Бейнеролик төмендегі деректерді қамтып, ашуы керек:
9. Қатысушылар бейнеролик форматын өздері таңдай алады (сұхбат, репортаж, бейнебаян, reels және т.б.). Бейнеролик тек суреттерден тұрмауы керек.
Лагерь бағдарламасында шеберлік сыныптарын өткізу, экскурсиялар және басқа да іс-шаралар қарастырылған. Спикерлер мен жаттықтырушылар ретінде танымал БАҚ өкілдері, Қазақстандық чемпиондар, бизнес көшбасшылары, блогерлер қатысады.
Қатысушы мен онымен бірге еріп жүретін адамның Астана қаласына дейінгі және Астанадан кері жол жүру ақысы жіберуші тараптың (ата-анасы немесе заңды өкілдерінің) қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
IV. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР