30 қазанда Астанадағы ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасы ғимаратында сағат 10:00-де Kodu Cup чемпионатының финалы өтті. Іс-шара Microsoft қолдау көрсеткен кодтау негіздерін үйретуге арналған Kodu Game Lab платформасында ұйымдастырылды.
Қызықты және көрнекі әдемі Kodu Game Lab графикасы балаларға бағдарламалау негіздерін дамыта отырып, өз әлеміндегі ойынды құруға мүмкіндік береді. Чемпионат финалына қатысу презентация форматында өтті. 9 жастан 14 жасқа дейінгі қатысушылардың жобалары ұсынылды. Kodu Cup чемпионатына қатысуға 418 өтінім беріліп, 103 жұмыс ұсынылды, оның 50-ден астамы финалдық кезеңге шақырылады.
- Оқушылардың қатысуымен өтетін олимпиадалар - олардың кәсіби бағдарлануы және болашақта жұмысқа орналасуға мүмкіндіктер жасалатын маңызды қадам. Мектеп олимпиадаларының процесі уақыт талабына қарай қатар жүруі керек екенін мойындау керек, яғни бүкіл әлемдегідей қызықты, бәсекеге қабілетті, көбірек эмоциялар тудыруы керек. Олимпиаданың жаңа форматын қолдау қажет, - деп атап өтті Асланбек Әмрин.
Kodu Cup чемпионаты финалының жеңімпаздары ойын ноутбуктарына, ал үздік қатысушылар ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
10-11 жас аралығындағы жарыстың жеңімпазы деп Игорь Комаров танылса, 12-14 жас аралығындағы бәсекеде Тимур Айдын үздік болды.
Айта кетейік, Астанадағы Kodu Cup чемпионаты «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының қолдауымен өтті. Іс-шара туралы толық ақпаратты ұйымдастырушының www.koducup.kz веб-сайтынан ала аласыз.
Анықтама: Kodu Game Lab – Microsoft корпорациясының ақысыз визуалды бағдарламалау құралы, ол блоктар мен кескіндерді қолдана отырып кодтау негіздерін үйрету үшін қолданылады. Қызықты және көрнекі әдемі графика балаларға бағдарламалау негіздерін дамыта отырып, өз ойын әлемін құруға мүмкіндік береді.