Жазғы лагерьге «Елбасы медалі» жобасы мен ауыл оқушыларына арналған «Myn Bala» олимпиадасының белсенді қатысушылары және Birge Oqy онлайн-мектебінің оқушылары, сондай-ақ жоба амбассадорлары шақырырту алды.
Еліміздің әр өңірінен келген балалар Бурабайда бір-бірімен танысып, оқыту семинарлары мен тренингтерге қатысу үшін жиналды. Жазғы лагерь бағдарламасында сыни және стратегиялық ойлау, көшбасшылық, қаржылық сауаттылық, эмоциялық интеллект, белсенді ойындар, туристік жорықтар, дебаттар, актерлік шеберлік бойынша тренингтер, музыкалық сағаттар және т.б. әлеуметтік дағдыларға үйрету тренингтері болды. Жазғы лагерь елімізде 2022 жылды балалар жылы деп атап өту іс-шарасына орайластырылған.
«Бағдарлама академияның мамандарымен әзірленген және ол таза ауадағы белсенділіктен бөлек, ағартушылық бағыт-бағдар беруге арналған, сондықтан ойындардан басқа, қызықты адамдармен, спикерлермен кездесулер, баланың әлеуетін ашуға көмектесетін түрлі тренингтер қарастырылған. Біз балалардың шынайы қызығушылығы мен оң кері байланысын көрдік және олардың әрқайсысының белсенді қатысқанына өте қуаныштымыз», - деді «Елбасы академиясы» КҚ директоры Асланбек Амрин.
Жазғы лагерь ұйымдастырушыларының пікірінше, лагерь мақсаттарының бірі – дарынды балалар мен жастар қауымдастығын қалыптастыру.
«Бұл біздің осындай шығармашылық және озық жігіттерді біріктіретін тұрақты қоғамдастық құрудағы қадамдарымыздың бірі. Біздің жобаға қатысушылар өздерінің пікірлестерінің Қазақстанның түрлі аймақтарында бар екенін көруі маңызды. Сондықтан біз бұл тәжірибені міндетті түрде әрі қарай дамытатын боламыз, мүмкін келесі лагерьді еліміздің басқа туристік орнында өткізу мүмкіндігін қарастырамыз», - деп түйіндеді Амрин.
Жазғы лагерь қатысушылары барлық іс-шараларға қызығушылықпен қатысты.
«Маған жазғы лагерь өте ұнады, достық атмосфера орнады. Мен басқа өңірлерден келген балалармен таныстым, біз көп уақытты бірге өткіздік, тренингтерге қатыстық, жорықтарға шықтық, спорттық ойындар ойнадық, дебаттар ұйымдастырдық. Әр күн түрлі оқиғаларға толы болды, ұқсас қызығушылықтары бар балалармен танысқан маған ұнады. Барлық балалармен әрі қарай да тілдесеміз деп үміттенемін», - деді қызылордалық Аружан
«Лагерьде тренингтер мен ойындар ұнады, онда біз командада жұмыс істей білу үшін түрлі тапсырмалар мен жаттығулар орындадық. Әрине, мен басқа балалармен сөйлескенді ұнаттым, біз осы уақыт ішінде өте жақын араласып кеттік. Күндер кестесі өте қызықты болды, зерігуге уақыт болмады. Жазғы лагерь жыл сайын өтеді деп үміттенемін және мен қайтадан келер едім», - деп ойымен бөлісті Петропавлдан келген Самат.