2024 жылғы 27 қарашада Астанада Қазақстандық әлеуметтанушылар мектебінің екінші легінің бітіру салтанаты өтті. Бұл конференция 8 ай бойы үздіксіз жүргізілен оқытудың қорытындысы болды. Оқу барысында қатысушылар Қазақстанның маңызды әлеуметтік проблемаларын көтеріп, олар бойынша өз зерттеу жобаларын әзірлеп шықты. Жобалар мектептегі орта, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбек көші-қоны және әлеуметтік желілерді талдау сияқты тақырыптарға байланысты болды.
Қазақстандық әлеуметтанушылар мектебі (Kazakhstan Sociology Lab) - бұл заманауи деректерді талдау құралдарын қолдана отырып, еліміздің әлеуметтану саласының мамандарын даярлауға бағытталған бірегей білім беру платформасы. Оқыту бағдарламасы деректерді талдау, машиналық оқыту және әлеуметтік желілерді өңдеу сияқты заманауи зерттеу әдістері бойынша курстарды қамтиды. Мектеп елдегі әлеуметтік құбылыстарды деректер негізінде талдауға және түсіндіруге қабілетті әлеуметтанушыларды даярлауды мақсат етеді, бұл өз кезегінде ғылым мен еліміздің әлеуметтік жағдайының дамуына ықпал етеді.