2023 жылдың 23-29 маусым аралығында «El Umiti – 2023» білім беру лагері Бурабайда (Ақмола облысы) орналасқан «KEGOC оқу орталығы» демалыс орнында өтті. «El Umiti» корпоративтік қоры Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 14 жастан 18 жасқа дейінгі 115 қатысушыны қабылдады.
El Umiti -2023 – жастардың білім алу тәжірибесін алуға, ерекше қабілеттерін дамытуға және пікірлері ортақ жандармен кездесіп, ой бөлісуге арналған керемет мүмкіндік. Лагерь жұмысы аясында көптеген қызықты іс-шаралар, мәселен тренингтер, шеберлік сабақтары, концерттер және кешкі демалыс шаралары өткізілді.
Осы орайда еліміздің танымал медиа тұлғалары арнайы шақырылып, олардың қатысуымен өтетін мотивациялық дәрістерге ерекше назар аударылды. 24-28 маусым аралығында лагерь қатысушыларына тәжірибелі мамандардан құнды білім мен шабыт алуына мүмкіндік туды.
Медиа тұлғалар өздерінің табысты жолының тарихымен бөлісіп, жастардың бұл шарадан барынша пайдалы ақпарат алуына көмектеседі. Шараға әнші Мархаба Сәби мен ALZABI тобы өнер көрсетіп, тележүргізуші Асаубек Айымбетов дикцияға арналған жаттығу жасау арқылы ораторлық негіздерін үйретті.
Лагердегі фотоларды осы сілтеме арқылы басып алуға болады