Конституция күніне орай, «Елбасы Медалі» жобасының қатысушылары 1995 шақырым жүгіріп, спорттық марафон өткізді.
Олар бұл қашықтықты бекер таңдамаған, өйткені 1995 жылы Ата Заң қабылданды.
Акцияға еліміздің әр өңірінен келген 500-ден астам бала қатысты. «Мен барша қазақстандықты құттықтаймын, бейбітшілік тілеймін! Өз кезегімізде біз марафон өткізіп, күшіміз бен рухымызды нығайттық», - деді жоба қатысушысы Мирас Әлімов.
«Конституция күні - бүкіл халық үшін маңызды күн. Балалардың бұл идеяны қуана қолдағаны қуантады. Қатысушылардың өздерін ғана емес, біз олардың ата-аналарын, достарын да жұмылдыра алдық», - дейді жоба жетекшісі Әлия Нұрғалиева.
Марафоннан кейін тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы қызықты пікірталасқа толы пикник ұйымдастырылды.