8 ай бойы «Kazakhstan Sociology Lab» әлеуметтанушылар мектебінің оқушылары төрт модуль бойынша оқудан өтіп, Астанада өткен бірінші лек түлектеріне арналған қорытынды конференция игі іс-шараны түйіндеді. Онда мектеп тыңдаушылары әзірлеген инновациялық зерттеу жобалары таныстырылды.
Түлектер қазақстандық қоғам үшін үлкен тәжірибелік маңызы бар түрлі әлеуметтік құбылыстарға терең талдау жасады. Атап айтқанда, білім беру, криминология, қалалық зерттеулер, жұмыспен қамту және гендерлік зерттеулер сияқты бағыттар бойынша жобалар таныстырылды. Тұсаукесер аяқталғаннан кейін ашық пікірталас өтіп, қатысушылар ұйымдастырушыларға сұрақтар қоя алды.
«Бұл өте маңызды жоба бұл бізге білікті сарапшыларды біріктіруге және олардың талдау, деректерді өңдеу дағдыларын арттыруға мүмкіндік берді. Барлық кезеңде мектеп тыңдаушылары Қазақстанның ғана емес, шетелдіктердің де үздік спикерлерінен білім ала алды. Еліміздің әлеуметтануына оң ықпал ететін сарапшылардың осындай жақсы қауымдастығы пайда болғанына өте қуаныштымын», - деді «Еl Umiti» қорының директоры Асланбек Әмрин.
Сонымен қатар, Kazakhstan Sociology Lab-та 2024 жылға арналған тыңдаушыларды іріктеудің басталғанын хабарлаймыз. Бізге қосылыңыздар!