Көпшілікке қолжетімді ақпарат көздерінен «Smart edu» ЖШС жекеменшік ұйымы «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасымен аттас қашықтан өтетін «Мың бала» халықаралық онлайн олимпиадасын өткізіп жатқаны мәлім болды. Елбасы Академиясы бұл жағдайда олимпиада атауын заңсыз пайдаланудың болғанын және олимпиада қатысушылары арасында түсінбестік тудырғанын хабарлайды.
«Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен серіктестікте жыл сайын тек https://1000bala.elbasyacademy.kz - Академия платформасында ОҚУШЫЛАР ҮШІН ТЕГІН өткізіледі. Платформа мен олимпиаданы өткізу құқықтары Елбасы Академиясына тиесілі.
Барлық мұғалімдерден «Smart edu» өткізетін олимпиаданың авторлық құқықты бұза отырып өтетінін және оның ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасына ҚАТЫСЫ ЖОҚ екендігі туралы оқушыларға хабарлауды сұраймыз.