El Umiti Корпоративтік қоры 2019 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен құрылды және «El Umiti» бастамасын жүзеге асыру бойынша негізгі оператор болып табылады. El Umiti еліміздің көшбасшылары мен кәсіпқойларының болашақ буынын дамытуға бағытталған жобаларды бірыңғай жүйеге біріктіреді.
Әлеуеті жоғары және еліміздің дамуына өз үлесін қосуға дайын қазақстандықтарға қолдау көрсету және жағдай жасау
Адамның әлеуетін дамыту саласындағы үздік сарапшылар мен мамандарды тарту
Қоғам мен мемлекеттің қажеттілігін тұрақты зерттеу
Жеке тұлғаның әлеуеті мен қабілеттерін дамытумен айналысатын серіктестермен ынтымақтастық орнату
«Qabilet». Оқушылардың қабілеттерін диагностикалау және кәсіби бағдар беру қызметі. Өз қабілетіңізді және машықтарыңызды дамыту бойынша ұсыныстар алыңыз, сондай-ақ болашақ мамандығыңызды саналы түрде таңдаңыз.
«Мың бала» олимпиадасы жыл сайын ауылдық жерлерден келген 5 және 6-сыныптың ең қабілетті 1000 оқушысын анықтайды, олимпиада еліміздің жетекші мектептерінде оқуға мүмкіндік береді.
«Birge Oqý». Жоба ауыл мектептері оқушыларын академиялық қолдауға бағытталған. 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде 6-дан 8-сыныпқа дейінгі 10 мыңнан астам бала онлайн мектепте оқудан өтті. 2022 жылы жоба форматы асинхронды форматқа өзгерді, бұл - онлайн мектептің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.