«El Umiti» Корпоративтік қоры 2024 жылдың 18 наурызы мен 11 маусымы аралығында «2024 жылдың үздік жаңашыл психологы» атты республикалық онлайн-кәсіби шеберлік байқауын өткізді, оған республиканың 13 өңірінен 29 педагог-психолог қатысты.
Байқау педагог-психологтардың кәсіби деңгейін арттыруға және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға, баланың әлеуметтік, эмоционалдық және академиялық дамуын ынталандыруға бағытталған позитивті психологияны насихаттауға бағытталған.
Байқау екі кезеңде өтті:
I кезең – аймақтық (іріктеу), «Дарын» облыс орталықтары 2024 жылдың 18 наурызы мен 15 мамыры аралығында өткізді.
II кезең – республикалық (қорытынды), Қор онлайн форматта өткізді. Мерзімі 2024 жылдың 17 мамыры мен 11 маусымы.
Өңірлік кезеңде әрбір сатыда 1 орын алған педагог-психологтар ІІ кезеңге - қорытынды (сырттай) кезеңге жіберілді.
Республикалық конкурстың қорытынды кезеңінің нәтижесі бойынша алты жеңімпаз анықталды (бір бірінші орын, екі екінші орын, үш үшінші орын): бірінші орын - Тобыл қаласының «№ 2 жалпы орта мектебі» КММ педагог-психологы Ырысхан Ибрагимұлы Лескенов, Қостанай облысы. Екінші орынды екі қатысушы иеленді: Базарғалиева Назерке Әсемханқызы, Алматы қаласының «№ 185 жалпы орта мектебі» КММ педагог-психологы және Маңғыстау қаласының «№ 60» Ертөстік балабақшасы» КМҚК педагог-психологы Мұқанова Амангүл Күрекқызы.Ал үшінші орындар төмендегідей бөлінді: Әлмұратова Бақытжамал Бақытжанқызы, педагог-психолог, Жамбыл облысының «Ә.Бөкейханов атындағы № 1 гимназия» КММ, Корнева Светлана Анатольевна, Солтүстік Қазақстан облысының «Архангелка жалпы орта мектебі» КММ педагог-психологы және Алматы қаласының «№ 171 жалпы орта мектебі» КММ педагог-психологы Шәріпова Әлия Тілеубайқызы.
Екінші және үшінші орын жүлдегерлеріне 2024 жылдың қазан айында Алматы қаласында өтетін, ұзақтығы 56 сағат, «Qabilet» қызметінің біліктілікті арттыру курстарының«15-17 жастағы мектеп оқушыларының қабілеттерін диагностикалау бағдарламасы» білім беру бағдарламасына грант түріндегі жүлделер ұсынылды.
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!