2023 жылдың 19 қыркүйегінде «El Umiti» қоры» корпоративтік қоры Астана қаласында «El Umiti» Премиясы» деп аталатын жаңа жобасының тұсаукесерін өткізді. Жоба тұсаукесеріне серіктестеріміз Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» РММ директоры Ғазиза Құдайбергенқызы Нұрғалиева, «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК директоры Раиса Петровна Шер, «Ұлттық еріктілер желісі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Татъяна Миронюк пен «UMIT TYNYSY» қоғамдық қорының басшысы Ерлан Арысланұлы Теміров қатысты.
«El Umiti» Премиясы» Қазақстан Республикасының 14 пен 18 жас аралығындағы жас әрі келешегінен үміт күттіретін көшбасшыларға арналған тың, жаңа жоба. Жобаның басты мақсаты - жастардың өз кәсібін табуға, әртүрлі салаларда өзін жүйелі түрде жетілдіруге, өзгелерге қамқорлық танытып, мақсаттары мен жоғары жетістіктерге қол жеткізуіне қолдау және көмек көрсету.
Тіркелу Премияның ресми premia.elumiti.kz сайтында 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында жүреді. Қатысушылар сайтта көрсетілген сауалнаманы толтырып, ынталандырушы бейнеролик дайындап, өз жетістіктерін растайтын құжаттарын ұсынуға тиіс.
Әрбір қатысушының өз жеке кабинеті болады. Қатысушының ұйымдастырушымен байланысы, шынайы уақыт режимінде көрсеткен жетістіктерін қадағалау осы платформа арқылы іске асырылады.
«Өзін-өзі жетілдіру» кезеңі (қараша – мамыр): қатысушылар негізгі жеті бағыт бойынша жеке даму жоспарын әзірлеп, ұйымдастырушылар келісімімен бекітеді.
«Әлеуметтік жоба жасау» кезеңі (шілде – тамыз): финалистер топтық түрде немесе жеке өзі дайындаған әлеуметтік жобаларын іске асыруға мүмкіндік алады.
Бірінші кезеңнің соңында жоғары нәтиже көрсеткен қатысушыларға El Umiti жазғы оқу лагеріне жолдама беріледі.
Тіркелу премияның ресми premia.elumiti.kz сайтында биылғы 15 қыркүйек пен 15 қазан арасында жүреді.