Облыстық әкімдіктегі салтанатты жиынға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатысты. Олар 6 ай бойы жеті бағыт бойынша тапсырма орындап, білім мен шеберліктерін жетілдірді.
Спортпен шұғылданып, өнерге бет бұрды, төл мұраны дәріптеді. Сонымен қатар олар қайырымдылық жасап, кітап оқу арқылы өздерін дамытты.
Ұлттық деңгейдегі бірегей бағдарлама жас буынды жан-жақты дамытуды көздейді. Республика бойынша осы жобаға 20 мыңнан астам жастар қатысса, Ақтөбе облысынан 2800 жас талант бағын сынапты. Бүгінгі жиында 3 күміс және 37 қола медаль жүлдегері марапатталды. Атап айтсақ, Әмір Нұрмұханбет, Мұхамеджан Жамидолла және Жантілеу Болатбеков күміс медаль жеңіп алды.