Естеріңізге сала кетейік, олимпиадаға Қазақстандағы ауыл мектептерінде соңғы екі оқу жылында білім алып жатқан 5 және 6-сынып оқушылары қатысады.
«Мың бала» Олимпиадасы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалайды. Тестілеу 1000bala.elbasyacademy.kz сайтында онлайн-форматта өтеді. Өңірлер қимасында ең жоғары қорытынды балл жинаған бес мың оқушы олимпиаданың екінші кезеңіне жолдама алады.
Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталады. Оларға еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мектептерінде: «Білім-Инновация» лицейлерінде, Республикалық физика-математика мектебінде және «Дарын» мамандандырылған мектептерінде оқуға мүмкіндік беріледі.
Олимпиада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі «El Úmiti» бастамасы аясында ұйымдастырылған. Олимпиаданы «Елбасы Академиясы» КҚ ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды.
Тіркелген қатысушылар үшін маңызды ақпарат: