Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де «Елбасы Медалі» жобасы қатысушыларының марапаттау салтанатты рәсімі өтті.
Марапаттау кешіне «Дарын» орталығының директоры Джеренова Раушан Омарханқызы, «Елбасы Академиясы» КҚ ресми өкілі Иманғалиева Маржан Әбдірасылқызы, «Елбасы медалі» жобасының үйлестірушісі Жүнісбек Ердәулет Асқарұлы, Алматы қалалық Білім және жаңа инновациялық технологиялар орталығының директоры Сманкулова Жанат Ерекенқызы қатысты.
«Елбасы медалі» бағдарламасы Қазақстанның балалары мен жастарына бағытталған, ондағы мақсат оларды қоғам мен мемлекет өміріне белсенді қатысуға тарту болып табылады. Өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі қалыптастыруға қабілеті бар жас буын өз халқына пайдасын тигізе алады. Бұл бағдарламаға қатысқандарға өз қабілеттерін ашуға көмектеседі және өздерінің даму жоспарларын іске асыруға мүмкіндік береді.
Осы нұсқаулықта «Елбасы медалі» бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысу шарттары туралы негізгі ақпарат қамтылған. Бағдарлама белгілі бір мақсатқа қол жеткізуді көздейтін 7 бағыт пен үш деңгейден тұрады. Олар: спорт және денешынықтыру, дарындар мен дағдылар, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік, туристік сапарлар, еңбек тәжірибесі.
Биыл Шымкент өңірінде Елбасы медалі жобасына қатысу үшін 2500-ден астам жастар өтінім берген. Оның 1500-і жобада бақтарын сынап, 800-ге жуығы медальға үміткерлер тізіміне енді. Алғашқылар тізімінде 93 адам марапатталды. Оның 55-сі – қола медаль, 32-сі – күміс медаль, 6-ы – алтын медаль иегерлері.