2023 жылдың 9 қарашасында 14 пен 18 жас аралығындағы жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында Қазақстан тарихы бойынша «Тәуелсіздік дәуірі» республикалық олимпиадасы басталды. Шара жас зерттеушілер мен болашақ ғалымдарға Қазақстанның бай тарихын тереңінен зерттеп қана қоймай, сонымен бірге құнды жүлделерге ие болуға да мүмкіндік береді. Олимпиада екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – іріктеу кезеңі, 2023 жылдың 10-20 қарашасы аралығында олимпиаданың https://kzgame.kz ресми сайтында онлайн түрде өтетін болады. Қатысушылар осы кезең ішінде шектеусіз түрде іріктеу кезеңінен өте алады. Бұл әрбір қатысушының білім көкжиегін көрсетуге берілген үлкен мүмкіндік.
Екінші кезең – қорытынды кезең. Финал 2023 жылдың 4 желтоқсанында Астана қаласында өтеді. Оған іріктеу кезеңінен ең жоғары ұпай жинаған 20 қатысушы шақырту алады. Финал жеңімпаздары мына номинациялар бойынша дипломдар мен құнды сыйлықтармен марапатталады: Гран-При: ноутбук; 1 орын: планшет; 2 орын: электрондық кітап; 3 орын: ақылды колонка.
Олимпиада қатысушыларына Қазақстан тарихы бойынша білімдері мен тарихқа қызығушылықтарын көрсетуге, сол үшін бағалы сыйлықтар ұтып алуға бірегей мүмкіндік беріледі. Оған әрбір оқушы немесе колледж студенті қатыса алады және олардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығы марапатталады!
Қосымша ақпарат алу және тіркелу үшін Олимпиаданың ресми сайтына мына жерден кіріңіз. Егер сізде сұрақтар туындаса, Call-орталыққа келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8-800-080-48-48 және +7(7172)24-87-92.
Өзіңізге сенімді болсаңыз, тәуекел етіп, қызықты саяхаттың бір бөлігіне айналыңыз! Сіздерге сәттілік, болашақ тарихшылар мен зерттеушілер!