2 наурыз, Астана. Data Lab командасы «Сарапшылар мектебінде» екінші оқу ағынын өткізеді. Мектептің мақсаты - әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша жас сарапшылардың деректерді талдау және зерттеу дағдылары саласындағы біліктілігін арттыру. Ақпан айында барлығы 80 өтінім берілді, оның ішінде 16 зерттеуші мектепке шақырылды.
Сарапшылар мектебі жас зерттеушілерге қосымша білім алуға мүмкіндік береді және сарапшылар қауымдастығымен зерттеу нәтижелері мен ұсыныстарын талқылау үшін диалог алаңын ұсынады. Оқыту семинарлары шеңберінде бағдарламаға қатысушылар алған білімдерін Қазақстан үшін өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша талдамалық құжаттарды әзірлеуде пайдалану үшін деректерді визуализациялау, зерттеу нәтижелерін дайындау және ілгерілету бойынша бірқатар тренингтерден өтеді. Төменде сілтеме бойынша мектепке қатысушылардың тізімдерімен танысуға болады.
Data Lab сарапшылар мектебінің қатысушыларының тізімі
Қосымша ақпарат алу үшін, сондай-ақ барлық сұрақтар бойынша жоба жетекшісі Айжан Аршабаеваға эл. пошта: info@datalabs.kz