Бүгін елордалық Оқушылар сарайында "Елбасы медалі" Ұлттық мотивациялық жобасының 200-ден астам қатысушысын марапаттау рәсімі өтті.
Жоба жас қазақстандықтарға жеті өзекті бағыт бойынша дамуға мүмкіндік береді. Қатысушылар болашақ дағдыларды игеріп, мақсат қоюды, уақытын ақылмен басқаруды үйренеді. Тек 2022 жылдың өзінде 1796 қатысушы жобаны сәтті аяқтап, медаль иегерлері атанды. Оның 1262-сі қола, 452-сі күміс және 82-сі алтын медаль иегерлері.
- Біз жоба қатысушыларының жетістіктеріне қуаныштымыз. Балалардың қалай өсіп келе жатқанын, ынталы, тәртіпті, мақсатты болатынын байқап отырмыз. Бұл қасиеттер – жастардың бүгіні мен болашағына тікелей әсер етеді. Жобаның ауқымы жыл сайын артып, талантты және мүдделі жастар қауымдастығы қалыптасып келеді. Бұл бізді одан әрі дамуға шабыттандырады, - деді "Елбасы Академиясы" КҚ директоры Асланбек Әмрин.
2019 жылдан бастап "Елбасы медалі" бағдарламасы іске асырылып жатыр. Оған 14 пен 29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатысады. "Елбасы медалі" жобасының бірегейлігі бірнеше маңызды аспектілерді қамтыған:
Қатысушылар "Елбасы медалі" бағдарламасының түрлі бағыттарының арқасында Отаны туралы көптеген ақпаратты біліп, қайырымдылықтың құндылығын сезініп, өздерін еріктілер рөлінде сынап көргенін атап өтті. Жас азаматтар спорт бағыты бойынша қызығушылығы оянып, ынтасы артты, болашақта спорт түрімен айналысуды әдетке айналдыруды көздеп отыр. Ең бастысы – жобаға қатысудың арқасында жас қазақстандықтар XXI ғасырдың негізгі дағдыларын меңгеріп, әрі қарай өздерінің оқу және еңбек жолында осы дағдыларды дұрыс қолдана алатынына сенеміз.