Жалпы ережелер
Өткізілу тәртібі
Авторлық жұмыстарға қойылатын талаптар
1. Байқау сараптамасына бір автордан бұрын еш жерде жарияланбаған екіден артық туынды қабылданбайды.
2. Байқауға этикалық нормалар мен авторлық құқықтарды бұзатын, балағат сөздерді қамтитын байқау жұмыстары қабылданбайды.
3. Қолжазбалардың бірегейлігі тексеріледі.
4. Қолжазба А4, қарпі - Times New Roman, кегль - 14, жоларалық интервал - 1 форматында рәсімделуге тиіс. Ертегі көлемі 10 беттен кем болмауы керек.
5. Байқауға «Елбасы Академиясы» КҚ қызметкерлері немесе ұйымдастырушылар, олардың жақын туыстары қатыстырылмайды.
Жұмыстардың қабылдану тәртібі
1) шығарма;
2) автор туралы мәліметтер жинақталған құжат - тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, мекенжайы, байланыс телефоны, e-mail.
3. Байқауға қатысуға өтінімді жібере отырып, шығарма авторы:
1) шығарма авторы өзі екенін, оның бірегейлігін растайды;
2) байқау ұйымдастырушыларының шешімі бойынша шығарманы бұқаралық ақпарат құралдарында, жинақтарда және ғаламторда жариялау құқығы мен келісімін береді.
3) авторлық қаламақы өтемін талап етпейді
5. Жолданған қолжазбаларға рецензия жасалмайды және қайтарылмайды.
Жеңімпаздарды анықтау тәртібі
1. Ұйымдастырушы жасақтаған қазылар алқасы байқауға келіп түскен қолжазбаларды бағалап, жеңімпаздарды анықтайды.
2. Байқау комиссиясының құрамы мен төрағасын ұйымдастырушы бекітеді.
3. Комиссия байқау талаптарына сәйкес келмейтін жұмыстарды қарастырмауға құқылы (авторлары көрсетілмеген шығармалар қарастырылмайды).
4. Байқауға келіп түскен шығармаларды сараптауға комиссия мүшелеріне авторы көрсетілмей жіберіледі.
5. Қорытынды шешім кворум мүшелерінің жалпы санының 2/3-інің қатысуы арқылы ашық дауыс беру нәтижесінде қабылданады.
6. Байқау жұмыстарын сараптау барысында комиссия мүшелері басшылыққа алатын критерийлер: ертегі тақырыбының актуалдылығы мен қайталанбауы (түпнұсқада болуы), шығарманың баяндау тілінің айқындығы/бейнелілігі
7. Комиссия мүшелерінің қорытынды шешімі қабылданғанға дейін автордың белгісіздігі принципі сақталады.
8. Комиссия шешімі - соңғы шешім, қайта қарастырылмайды.
9.Жүлдеге лайық шығарма болмаған жағдайда комиссия ұйымдастырушыларға жеңімпазды анықтаудан толықтай немесе ішінара бас тартуды ұсынуға құқылы.