9-10 қыркүйек күндері әлеуметтанушылар мектебінде Workshop өтті. Шара офлайн түрде өтіп, қатысқан сарапшы мамандар қатысушыларға дәрістер оқыды.
Брейнштормдар ұйымдастырылды. Шара аясында Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаты, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Юлия Владимировна Кучинская кездесу өткізді.
“KAZSOCLAB” – әлеуметтанушыларды оқытуға арналған алаң. Мектеп мақсаты — қатысушылардың құзыреттілігі мен деректерді жинау мен талдаудың заманауи әдістерімен жұмыс дағдыларын дамыту.
Алаңда соңғы онжылдықтарда әлеуметтану ғылымында зерттеушілер тарапынан қойылып келе жатқан теориялық сұрақтарды зерттейміз. Студенттер 8 ай бойы түрлі мақсаттарда қолданылатын деректердің алгоритмдік талдау тәсілдерінің алуан түрлерін меңгереді.