Қазақстандық инновациялар немесе Edtech идеялары «2022 Learning Engineering Tools» білім беру технологиялары саласындағы ірі халықаралық байқаулардың біріне қатыса алады. Қазақстан Республикасы атынан байқау серіктестері – «Елбасы Академиясы» КҚ қатысу өтінімдері 20 қарашаға дейін қабылданатынын хабарлайды. Жүлде қоры - 3 миллион АҚШ долларынан астам.
Әлемнің түкпір-түкпірінен әзірлеушілер, зерттеушілер, студенттер мен оқытушылар, инновациялық құралдарды немесе білім берудегі өзекті мәселелердің бірін шешетін EdTech технологияларды ұсына алатын білім беру жобалары қатыса алады. Бұл ретте, биыл мектеп жасына дейінгі деңгейден бастап жоғары сыныптарға дейінгі оқушылар мен мұғалімдерге арналған EdTech шешімдері басымдыққа ие болып отыр: бағалауды түрлендіру, білім беру саласындағы ғылыми зерттеулерге жәрдемдесу, мұғалімдерді дамыту, қолдау және оқушыларды оқытуда қолдау.
Қатысушылар үшін бұл білім беру саласындағы танымал зерттеушілермен, білім беру технологияларының көшбасшыларымен және ірі қайырымдылық ұйымдарының өкілдерімен танысудың бірегей мүмкіндігі, жұмыс ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Жеңімпаздар үш кезеңдік іріктеу процесінің шеңберінде анықталады, оның барысында қатысушыларға идеяларды әзірлеуге, команданы қалыптастыруға және жобаны пысықтауға уақыт беріледі. Байқаудың үш сатылы процесі барлық қатысушыларға ұйымдастырушылардан және техникалық сарапшылардан кері байланыс алуға, процестің әр кезеңінде өз ұсыныстарын нақтылауға және қоғамдастықта білім беру технологиялары саласындағы инноваторлар желісін құруға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, биыл байқау Schmidt Futures, Kenneth C. Griffin, Citadel and Citadel Securities, Билл пен Мелинда Гейтс қоры, Уолтон отбасы қоры және AlleyCorp қаржылай қолдауымен өткізіледі. Байқау туралы толық ақпарат https://toolscompetition.org/ сайтында бар.