2024 жылдың 3 ақпанында Kazakhstan Sociology Lab екінші лек қатысушыларын оқытуды бастады.
Іс-шара барысында жоба жетекшілері Әлия Сәрсекеева, Дмитрий Серебренников және басқа да спикерлер «Заманауи ғылымдар жергілікті сараптаманы дамыту құралы ретінде», «R-ге кіріспе», « ВІ-ға кіріспе» сияқты тақырыптар бойынша тренингтер мен шеберлік сабақтарын өткізді.
Әлеуметтанушылар мектебіне түсуге 94 үміткер қызығушылық танытты, олардың 37-сі іріктеуден өтті. Мектептің ғылыми бағдарламаларына белсенді қызығушылық танытқан финалистер арасында білім беру, жұмыспен қамту және бизнес салаларының мамандары бар.
Kazakhstan Sociology Lab әлеуметтанушылар мектебі аясында біз Қазақстан Республикасының жас зерттеушілеріне әлеуметтік ғылымдардың заманауи әдістерін үйренуге және өз саласының жоғары дәрежелі сарапшысы болуға көмектескіміз келеді.
Мектептің мақсаты - қатысушылардың мәліметтерді жинау мен талдаудың заманауи әдістерімен жұмыс істеу құзыреттілігі мен дағдыларын дамыту. Сондай-ақ соңғы онжылдықта әлеуметтік ғылымдар зерттеушілері қоятын теориялық сұрақтарды зерттейміз.
Қатысушылар үшін бұл, әрине, пікірлес адамдарды табуға және оларды қызықтыратын салалардағы сарапшылармен танысуға арналған алаң болмақ. Мектеп бағдарламасын аяқтағаннан кейін қатысушылар policy-oriented зерттеулерін жүргізуі міндетті, оның нәтижелері БАҚ үшін де, шешім қабылдайтын мамандар үшін де қызықты болады деген ойдамыз.