Жақсылық пен жаңалықтың жаршысы болған мерекеге орай Қызылорда, Атырау және Астана қалаларында мерекелік іс-шара өтті.
Елбасы Академиясының қызметкерлері жетімдер мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған қарамағындағы 3 білім беру ұйымының тәрбиеленушілерін құттықтады. Әр балаға ерекше көңіл-күй сыйлау мақсатында тосын сыйлар әзірленіп, бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін теннис үстелдері сыйға берілді.
Кездесу барысында олардың болашақтағы жоспарлары, жеке мүдделері мен бағыттары талқыланды.
Айта кетейік, «Qabilet» қызметі» жобасы аясында іске асып жатқан бағыттардың бірі - жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды қолдау. Қабілетті диагностикалау қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен тәрбиеленушілерге Академия тарапынан қолдау көрсетіліп келеді.
2023 жылы жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің қабілетін диагностикалау бойынша жұмысты жалғастырып, дарынды балаларды қолдап, оларды еліміздің жетекші мектептеріне және жекеменшік мектептерге орналастыру жоспарланып отыр.