«El Umiti» қоры» корпоративтік қоры MNU университетінің БҰҰ клубымен бірлесе отырып 20-21 сәуірде Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі (MUN) іс-шарасын өткізді. Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі - бұл ғылыми конференцияның синтезі, оның барысында студенттер мен жоғары сынып оқушылары сауатты пікірталас жүргізуге, ымыраға келуге және қарым-қатынас дағдыларын дамытуды үйренеді. Қатысушылар Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қауіпсіздік Кеңесі, Адам құқықтары, Бас Ассамблея, «БҰҰ-әйелдер» деп аталатын 5 комитетке бөлініп, әртүрлі елдің делегаттары ретінде сынап көрді. Әрбір делегат нақты елдің атынан шығып, орган белгілеген күн тәртібіне қатысты алдын ала әзірленген ұстанымын білдіреді. Еуропадағы су проблемалары мен сапасы, су ресурстарын бөлу, жасанды интеллектті бақылау қажеттілігі және т.б. тақырыптар талқыланды.
Іс-шараға қатысу Қазақстанның жаһандық аренада белсенді рөл атқаруға деген ұмтылысына сәйкес халықаралық өзара іс-қимыл мен дипломатиялық байланыстарды дамытуға ықпал етеді. Жобаның мақсаты - жастарды көпшілік алдында сөйлеу, дипломатия және сыни тұрғыдан ойлау дағдыларына үйрету, оларды әлемдік мәселелерді шешуде белсенді рөлге дайындау, білімді, сауатты азаматтарды қалыптастыру.
United Nations Model (MUN) іс-шарасына 10 мектеп пен 4 университеттің 120-дан астам оқушы мен студенттері қатысты. Нәтижесінде 5 үздік делегат, 5 құрметті атау және 5 үздік позициялық құжат бойынша шараның 15 қатысушысы марапатталды.