Даму мен білім алу үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынатын «El Umiti» корпоративтік қорының жобалары бүгінде жүздеген мың жас қазақстандықтарды қамтыды.
Корпоративтік қор мамандары Семей қаласының №3 гимназиясында жастармен өткен кездесуінде мектеп оқушыларын сыни ойлауға, табыстылыққа баулитын және жаңа білім беру мүмкіндіктерін ұсынатын «Qabilet», «Мың бала», «Smart Ustaz», «Тәуелсіздік дәуірі» және «Birge oqy» жобалары туралы айтты.
Ал №6 гимназияда қаладағы білім беру мекемелерінің оқушыларымен өткен кездесу барысында мектеп оқушылары мен студенттерге арналған оқу тренингтері өтті. Оған Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы қатысты. Тренингтер Қазақстанда «El Umiti» корпоративтік қорының белсенді түрде қолдау көрсететін пікірсайыс қозғалысына арналған шеберлік сабақтарынан басталды.