2023 жылдың 15-17 қыркүйегінде «Жастардың өзін-өзі басқару органдарының қызметін дамыту және қолдау» жобасы аясында Қарағанды облысының жоғары оқу орындарының студенттік өзін-өзі басқару органдарының мүшелері үшін көшпелі актив өтеді.
Жобаның мақсаты: көшбасшы жастарды анықтау, олардың әлеуметтік өзара әрекеттесу дағдыларын игеру арқылы өзін-өзі жүзеге асыруға жеке дайындығын қалыптастыру.
Студенттік өзін-өзі басқару - жан-жақты дамыған, шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға, белсенді өмірлік ұстанымға, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті заманауи мамандарды даярлауға бағытталған ЖОО тәрбие жұмысының бір түрі. Іс-шараға студенттік өзін-өзі басқару органдарының өкілдері, орта мектеп оқушылары, ЖОО және колледж студенттері қатысады. Жалпы қамтылуы - 200 адам.
Іс-шара шеңберінде Теміртау қаласы және Қарқаралы аудандарының жастары үшін тренингтер, актив қатысушылары үшін оқыту тренингтері, экскурсиялар өткізіледі.
Тренингтер барысында: белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырудағы және көшбасшылық қасиеттер мен дағдыларды дамытудағы оқушылар мен жастардың өзін-өзі басқару органдарының рөлі туралы; облыстың ЖОО-да студенттік өзін-өзі басқару органдарының жүргізіп жатқан жұмысы туралы; дебат қозғалысы; волонтерлік қызмет туралы; ЖОО-ның, оның ішінде жатақхананың, жүргізіліп жатқан тәрбие жұмысына қатысу туралы; студент жастардың мәселелерін анықтау және оларды шешуге қатысу туралы; талантты жастарды қолдау және т.б. мәселелер көтеріледі.
Іс-шараны өткізу маңызды мәселелерді шешуге және студенттік бастамаларды іске асыруға, студенттердің әлеуметтік белсенділігін дамытуға бағытталған студенттердің қоғамдық қызметін қолдауға ықпал етеді.