Тренингтің мақсаты – жергілікті оқу саласының мамандарын 7-9 жасар заманауи мектеп оқушыларының қабілеттеріне диагностика жасап, 10-11 жасар жасөспірім оқушылардың дағдыларын дамытуға арналған «Qabilet» қызметінің әдістемелерімен таныстыру.
Семинар бағдарламасы психологтар мен әдіскерлердің заманауи оқу техникаларымен таныстырып, диагностикалаудағы жаңа әдістерді игеруді көздейді. Мәселен, олар балалардың когнитивті ерекшеліктерін анықтаудағы, олардың коммуникациялық және эмоционалдық интеллектіне диагностика жасаудағы тың тәсілдерді меңгеруге қадам жасайды. Өз кезегінде бұл оқушылардың оқу барысында білім меңгерудегі сапасын арттыратыны анық.
Сонымен қатар семинар ұсынатын тиімділігі жоғары инсайты бар. Бұл мектеп жасындағы ХХІ ғасыр балалары мен жасөспірімдерінің маңызды қабілеттері мен дағдылары, атап айтқанда сыни ойлау, креативтілік, коммуникация және коллаборацияны (ынтымақтастық) дамыту әдістері талқыланады. Бұл психологтардың балалар мен жасөспірімдердің болашағын дұрыс бағытқа бағыттау үшін қолданатын негізгі құралдар мен техникаларға жатады.
Семинар ұсынатын ақпараттар пайдасы мен тиімділігі аса жоғары. Бұл балалар құндылығын анықтау үшін мектеп психологтарына үлкен көмекші құрал болмақ.