2022 жылдың 3 және 4 мамырында мұғалімдер үшін «Жеке дамуды басқару: мақсат қою, жоспарлау, тайм-менеджмент», «Эмоциялық интеллект, эмоцияларды, күйзелісті, жеке дамуды басқару», «Эмпатия», «Педагогикалық іс-әрекетте эмоционалды күйзелістің алдын алу» тақырыптарымен Шымкент пен Түркістан қаласында мемлекеттік тілде тегін білім беру тренингтері өтті.
Іс- шараны «Елбасы Академиясы» КҚ «Smart Ustaz» @smartustaz2021 жобасы аясында ұйымдастырды. Жоба мақсаты – педагогтердің кәсіби және сабақтас құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту.
Тренингтер мұғалімнің жеке әлеуетін іске асыруға, мектеп қоғамдастығындағы интеграцияға, ішкі үйлесімділік пен тепе-теңдікке қол жеткізуге, эмоционалды құзіреттілікке, эмоционалды жағдайды басқару дағдыларын игеруге, стресске төзімділікке және басқаларға ынталандырады. Педагогтармен икемді дағдылар бойынша кәсіби жаттықтырушылар жұмыс істейді. Әр мұғалім жеке даму және өсу процесінде өз оқушыларына, болашақ ұрпақтың сәтті қалыптасуына әсер етеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Сөзсіз басымдық – сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету. Бұл – бүкіл қоғам дамуының ең маңызды факторы. Мектептерді материалдық ресурстармен қалай қамтамасыз етсек те, жақсы мұғалімдерсіз білім сапасын арттыру мүмкін емес. Ахмет Байтұрсынов айтқандай: «Ұстаз– мектептің жүрегі».
Жақын арада білім беру саласының мұғалімдері мен қызметкерлері «Smart Ustaz» оқу материалдарына онлайн режимде тегін қол жеткізе алады. Оқу курсын аяқтағаннан кейін қатысушылар сертификаттаудан өтеді. Мектептердің бұл жобаға қатысуы «аралас оқыту» әдістемесін тиімді қолдануға және оқу процесі кезінде икемді дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осыған дейін тренингтер Семей, Қызылорда, Талдықорған қалаларында өтті
Тренинг спикерлері:
- Абдрахманова Зухра, «Отбасылық Академия» ҚҚ сарапшы-тренері, психолог-практик, ұлттық жаттықтырушы, ЮНИСЕФ сарапшысы, педагогика ғылымдарының магистрі;
- Наримова Майя, «Отбасылық Академия» ҚҚ сарапшы-тренері, «Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек» ҚБ басшысы, ЮНИСЕФ ұлттық жаттықтырушысы.