Шараның негізгі мақсаты – қазақстандық мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілетін дамытудағы инновациялық жобаларды талқылау, сонымен қатар мектеп психологтарының құзыреттілігін арттыру.
⠀ Семинар жұмысы барысында мектеп психологтары, Жамбыл облысы білім басқармасының әдіскерлері «Qabilet» диагностикалық қызметі әзірлеген мектеп жасындағы балалардың қабілеттерін диагностикалау және дамытудың 4 «К» дағдысы заманауи әдістерін меңгерді. ⠀
Ал педагогтар мен білім беру саласының қызметкерлеріне арналып педагогикалық қызметте эмоционалды шаршаудың алдын алу туралы семинар өтті. Семинар қатысушылары жаттықтырушымен жұмыс барысында бірге эмоционалды күюге апаратын негізгі факторларды зерттеп, сонымен қатар оған деген төзімділікті қалыптастыру дағдыларын үйренді.