«El Umiti» бастамасы жобаларына қатысу – табысты өмірге жасалған алғашқы қадам
Жас таланттар мен көшбасшылардың әлеуетін ашу.
Біз:
«Qabilet». Оқушылардың қабілеттерін диагностикалау және кәсіби бағдар беру қызметі. Өз қабілетіңізді және машықтарыңызды дамыту бойынша ұсыныстар алыңыз, сондай-ақ болашақ мамандығыңызды саналы түрде таңдаңыз.
«Мың бала» олимпиадасы жыл сайын ауылдық жерлерден келген 5 және 6-сыныптың ең қабілетті 1000 оқушысын анықтайды, олимпиада еліміздің жетекші мектептерінде оқуға мүмкіндік береді.
«Birge Oqý». Жоба ауыл мектептері оқушыларын академиялық қолдауға бағытталған. 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде 6-дан 8-сыныпқа дейінгі 10 мыңнан астам бала онлайн мектепте оқудан өтті. 2022 жылы жоба форматы асинхронды форматқа өзгерді, бұл - онлайн мектептің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.