«El Umiti» қоры Қазақстанның дарынды жастарын қолдауға, азаматтық бастамаларды дамытуға және әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға арналған шараларын жалғастыруда. Биыл қор алғаш рет Маңғыстау облысында бірқатар іс-шара өткізді.
Атқарылатын іс-шаралар аясында:
100-ге жуық облыстың білім басқармасы, білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарларына арналған білім беру жобаларының роуд-шоуы ұйымдастырылды;
Мектеп директорларына арналған «Тәуелсіздік дәуірі» турнирі өткізілді;
«Qabilet» жобасы аясында мектеп директорлары мен мұғалімдерге арналған «Кәсіби және эмоционалды күйзеліс» тақырыбында тренингтер жүргізілді. Барлық қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.
«El Umiti» корпоративтік қоры әлеуметтік, қайырымдылық, білім беру, мәдениет және қоғам саласындағы пайдалы мақсаттарға бағытталған коммерциялық емес ұйым болып табылады. Осы миссияны іске асыру мақсатында 2019 жылдан бастап «El Umiti» корпоративтік қорының өңірлердегі күндері» жобасы аясында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды. Қарағанды, Алматы, Ақмола, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Қостанай, Абай, Жетісу облыстары және Шымкент қаласының жоғары оқу орындары және колледждері студенттерімен кездесулер ұйымдастырылып, оларға Қор тарапынан атқарылып жатқан қызметтер таныстырылды.
Қор қызметінің басым бағыттарының бірі – шығармашылық және ғылым саласындағы дарынды жастарды қолдау, әлеуметтік жобалар мен азаматтық бастамаларды дамыту. Бұл іс-шаралардың басты мақсаты – қазақстандық жас көшбасшылардың жаңа буынын қалыптастыру, патриотизмді насихаттау және мемлекетке деген жауапкершілік сезімін арттыру. Қордың іс-шаралары әлеуметтік маңызы бар мәселелердің оң шешіміне ықпал етіп, облыс жастарына жаңа мүмкіндіктер ашады.