«Үздік психолог – 2025 жылдың новаторы» республикалық онлайн кәсіби шеберлік байқауы басталды 
01 сәуір 2025

«Үздік психолог – 2025 жылдың новаторы» республикалық онлайн кәсіби шеберлік байқауы басталды
 

Байқауға кім қатыса алады? 

Байқауға соңғы 2 жылда осы байқауда жеңімпаз атанбаған және үш санатта жұмыс өтілі бар орта білім беру ұйымдарының, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының, өңірлік «Qabilet» қызметтерінің педагог-психологтары мен психологтары қатыса алады:
     • 3 жылға дейін;
     • 3-7 жылдан;
     • 7 жылдан және одан жоғары.

Байқау екі кезеңнен тұрады: 


І кезең – іріктеу. Өткізу мерзімі 2025 жылдың 28 наурызынан 13 сәуіріне дейін. 
ІІ кезең – қорытынды. Өткізу мерзімі 2025 жылдың 17 сәуірінен 5 мамырына дейін.

I кезеңде әр санатта 1, 2, 3 орындарды иеленген педагог-психологтар, психологтар II кезеңге – қорытынды кезеңге жіберіледі.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарды (1, 2, 3 орындар) анықтау жоспарлануда.
I орын иегері LENOVO IdeaPad 1 ноутбугымен марапатталады. 
II орын алған 2 жеңімпаз II Халықаралық Психологиялық Форумға шақырылады. 
III орын алған 3 жеңімпаз 2025 жылдың қазан айында Алматы қаласындағы «Qabilet» қызметінің біліктілікті арттыру курстарының «15-17 жастағы оқушылардың қабілеттерін дамыту бағдарламасы» 56 сағаттық білім беру бағдарламасына жол жүру және тұру ақысын төлемей шақырылады.


Толық ақпарат: 


Бізбен бірге үздік психолог бол!
 

Ереже

Басқа жаңалықтар
26/03/2025
Туған жерім – шағын Отаным!» байқауының нәтижесі жарияланды
Көбірек оқу
26/03/2025
«El Umiti» Корпоративтік қоры SDSN Kazakhstan мүшесі атанды
Көбірек оқу
14/03/2025
«El Umiti» қоры» Корпоративтік қоры Ақтөбе облысындағы білім беру мекемелерінің басшыларына арналған роуд-шоу өткізді
Көбірек оқу
03/03/2025
«Менің отбасымның тарихы: 7 ата (шежіре)» байқауының жеңімпаздары анықталды  
Көбірек оқу
28/02/2025
Білім беру мекемелерінің басшылары Астанада басқарудың жаңа әдістерін меңгерді
Көбірек оқу
26/02/2025
«Мың бала» олимпиадасы аясында Қазақстан мектептерінде кездесулер өтуде
Көбірек оқу
26/02/2025
Петропавлда дарынды оқушылар мен педагогтерді қолдауға арналған өңірлік семинар өтті
Көбірек оқу
21/02/2025
«Мың бала» олимпиадасы аясында Алматы облысының ауылдарында ақпараттық кездесулер өтті
Көбірек оқу
19/02/2025
Бүгін, 19 ақпан күні, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық Университеті (ЕҰУ) мен «El Umiti» қоры» КҚ арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 
Көбірек оқу