• 8 800 080 48 48
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
    Action Another action
    Something else here
  • RU
  • KZ
  • Басты бет
  • «El Úmiti» бастамасы туралы
  • EL ÜMITI Корпоративтік қоры туралы
  • Қатысушыларға
  • Жаңалықтар
  • FAQ
  • Байланыс
  • Пікірсайыс хартиясы
8 800 080 48 48

Установите наше приложение:

  • Басты бет
  • «El Úmiti» бастамасы туралы
  • EL ÜMITI Корпоративтік қоры туралы
  • Қатысушыларға
  • Жаңалықтар
  • FAQ
  • Байланыс
  • Пікірсайыс хартиясы
    • RU
    • KZ
    Басты бет FAQ

    FAQ

    • Жалпы сұрақтар
    • «Мың бала» олимпиадасы
    • Qabilet Қызметі
    • Birge oqý Онлайн мектебі
    • Елбасы Медалі
    EL ÜMITI – бұл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2019 жылы құрылған Корпоративтік қор. EL ÜMITI "Еl Úmiti" бастамасын іске асыру бойынша негізгі оператор.
    Бастама атауы – «Еl Úmiti» ұлт үміті дегенді білдіреді.
    «El Úmiti» жаңа жобалардың негізгі мағынасын көрсетеді – талантты жас қазақстандықтарды іздеу және қолдау. Ең алдымен, бұл жастар. Сондай-ақ, жобалар жақын болашақта еліміздің өміріндегі түрлі салаларда-жаңа индустрия, бизнес, ғылым, медицина, білім, мемлекеттік басқаруда кәсіби элитаға кіретін тиіс адамдарды қамтиды. Дәл осы адамдармен Біз «Қазақстан-2050» стратегиясының мақсаттарына қол жеткізуге және әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіруге деген үмітімізді байланыстырамыз.
    Бастама операторы «EL ÜMITI» корпоративтік қоры.
    EL ÜMITI Корпоративтік қоры еліміздің көшбасшылары мен кәсіби мамандарының болашақ ұрпағын дамытуға бағытталған жобаларды бірыңғай жүйеге интеграциялайды.
    Жобалар:
    1. Qabilet Қызметі
    Оқушылардың қабілеттері мен кәсіби бағдарларын диагностикалау қызметі. Өз қабілеттеріңіз бен дағдыларыңызды дамыту бойынша ұсыныстар алыңыз, сонымен қатар болашақ мамандықты саналы түрде таңдаңыз.
    2. «Мың бала» ұлттық олимпиадасы
    Олимпиада жыл сайын еліміздің жетекші мектептерінде оқуға мүмкіндік беру үшін ауылдық жерлердегі 5 және 6 сыныптардың 1000 ең қабілетті оқушыларын анықтайды.
    3. Birge oqý Онлайн мектебі
    Жоба ауыл мектептері оқушыларын академиялық қолдауға бағытталған. 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде 6-дан 8-сыныпқа дейінгі 10 мыңнан астам бала онлайн мектепте оқыды. 2022 жылы жоба форматы асинхронды форматқа өзгерді, бұл - онлайн мектептің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
    4. Елбасы Медалі
    Жас қазақстандықтарға арналған даму бағдарламасы. Қатысу үшін тұрғылықты жеріне, оқуына және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар шақырылады. Елбасы Медалінің иегерлері білім беру гранттарын беру кезінде артықшылыққа ие.
    1. Жоғары әлеуетке ие және ел дамуына өз үлесін қосуға дайын қазақстандықтарға қолдау көрсету және жағдай жасау
    2. Адами әлеуетті дамыту саласындағы үздік сарапшылар мен мамандарды тарту
    3. Қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерін үнемі зерттеу
    4. Жеке әлеуеті мен қабілеттерін дамытумен айналысатын әріптестермен өзара іс-қимыл жасау
    Олимпиада Н.Ә. Назарбаев ұсынған жас таланттар мен көшбасшыларды қолдау және дамыту жөніндегі "Ел Үміті" бастамасын іске асыру аясында өтуде. Жобаның негізгі ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, "EL ÜMITI" Корпоративтік қорымен бірлесіп Нұрсұлтан Назарбаев қоры
    Ең көп балл жинаған 1000 жеңімпазға дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқыту ұсынылады. Мысалы, олар «Дарын» мектептерінде, "Білім-инновация" лицейлерінде немесе Республикалық физика-математика мектебі филиалдарының бірінде (ҚР Білім және ғылым министрлігінің бөлінген квоталарына сәйкес) оқуын жалғастыра алады. 1000 жеңімпаз үшін Олимпиададан кейінгі сүйемелдеу ұйымдастырылады: «Мың бала» олимпиадасының барлық қатысушыларына одан әрі оқыту және дағдыларын дамыту үшін El Úmiti дамытушы онлайн-платформасына тегін қол жеткізу мүмкіндігі беріледі.
    I кезең – сырттай (2021 жылдың ақпан айының аяғында, наурыз айының басында). Тіркелу 2021 жылдың ақпан айының басынан бастап жүргізіледі.
    Бұл кезеңде қатысушылардың қатысуы қарастырылмаған. Тестілеу онлайн режимде өткізіледі. Яғни, олимпиадаға қатысушылар тестілеуден мамандандырылған жерлерде өту үшін компьютер немесе смартфон немесе планшет болмаған жағдайда үйден тест тапсыра алады. Осы орындардың мекен-жайлары туралы ақпарат Олимпиадаға тіркелу кезінде белгілі болады.
    Бірінші кезеңде ауыл мектептерінің 5 және 6-сыныптарының 5 000 оқушысын тестілеу қорытындысы бойынша когнитивті ойлау деңгейін анықтауға іріктеу жүзеге асырылады, ол екі бөлімнен тұрады: (1) логикалық ойлау және (2) кеңістіктік ойлау.
    faq.myn-bala-a3-3
    ІІ кезең-күндізгі (2021 жылдың наурыз айында).Екінші кезеңде компьютерлік тестілеу нәтижелері бойынша бірінші кезеңнің 5000 финалисті арасында 1 000 оқушы іріктеледі.
    Олимпиада финалистері болып, олимпида өтетін уақытта ауыл мектептерінің 6 сынып оқушылары болатын өткен жылғы Олимпиада жеңімпаздары да танылуға құқылы.Іріктеу өңірлердегі мамандандырылған тест орталықтары базасында өтеді (мекен-жайлар кейінірек белгілі болады). Тестілеу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.Бағалау пәндер бойынша академиялық қабілеттерді анықтауды қамтиды:(1) Математикалық сауаттылық, (2) Ана тілі (оқыту тілі), (3) Ағылшын тілі, (4) Жаратылыстану.
    Олимпиаданың 1000 жеңімпазының тізімі Олимпиада аяқталғаннан кейін шамамен екі-үш аптадан кейін Олимпиаданың ресми ресурсында жарияланады (сайт тіркелуден кейін белгілі болады).
    Олимпиада ақысыз түрде өтеді
    Олимпиадаға Қазақстан Республикасы ауыл мектептерінің 5 және 6-сыныптарының барлық оқушылары қатыса алады. Тіркеу Олимпиаданың ресми ресурсында өткізіледі (1000bala.elbasyacademy.kz)
    Жоқ, қатыса алмайды. Олимпиадаға тек ауыл мектептерінің оқушылары қатыса алады (олимпиада өткізу барысында ауыл мектебінде білім алатын оқушылар)
    Сайтта тіркелгеннен кейін (1000bala.elbasyacademy.kz) Олимпиадаға қатысатын ауыл мектептерінің тізімімен танысуға болады
    Олимпиадаға Қазақстан Республикасындағы ауыл мектептерінің 5 және 6 сынып оқушылары ғана қатысады.
    Qabilet - бұл оқушылардың қабілеттерін диагностикалау және кәсіптік бағдарлау қызметі. Әр өңірде Qabilet қызмет көрсету орталығы бар, онда оқушылардың қабілет деңгейін анықтауға және одан әрі кәсіби даму бойынша кеңес алуға болады. Қазіргі уақытта Qabilet қызметінің онлайн платформасы құрылуда, онда үйден шықпай-ақ тестілеуден онлайн режимінде өтуге және алғашқы диагностиканы алуға болады. Сондай-ақ, платформада кәсіби психологтың кеңесіне жазылуға және диагностика нәтижелері бойынша толық ақпарат алуға болады. Qabilet қызметі Н.Назарбаев Қорының, ҚР БҒМ, жергілікті атқарушы органдардың және дарынды балаларды анықтау және қолдау жөніндегі «Дарын» орталықтарының қолдауымен құрылды.
    Qabilet келесі бағыттарда қызмет көрсетеді: онлайн платформа арқылы және Qabilet қызметінің өңірлік орталықтарында оқушылардың қабілет деңгейін диагностикалау, оқушыларды онлайн платформа арқылы және Qabilet қызметінің өңірлік орталықтарында кәсіби бағдарлау,оқушыларды, ата-аналарды және педагогтарды одан әрі оқыту және дамыту бойынша кеңес беру.
    Алдымен Qabilet қызмет платформасында үйден онлайн режимінде тестілеуден өту қажет. Онлайн тестілеуден өту үшін жағдай болмаған жағдайда, Qabilet қызметінің өңірлік орталығында («Дарын» дарынды балаларды анықтау және қолдау орталықтарының жанында) Qabilet қызметінің платформасында бару күнін алдын ала нақтылап, диагностикадан өтуге болады.Бала диагностикадан өткеннен кейін, ол Qabilet қызметінің платформасында тестілеу нәтижелерінің қорытындылары бойынша ақпарат алады.Кәсіби психологтан тестілеу нәтижелерінің қосымша түсіндірмесін алу үшін Qabilet өңірлік қызмет орталығына бару күні мен уақытын алдын ала нақтылау қажет. Орталық мамандары нәтижелерге жан - жақты түсініктеме береді және сізбен бірге баланың қабілеттерін дамыту траекториясын әзірлейді - неге назар аудару керек, оның қабілеттерін қолдану қай салада жақсы нәтижеге әкеледі? Qabilet қызметінің пилоттық режимде 2021 жылдың наурыз-сәуір айларында және қыркүйек айынан бастап толық көлемде жұмыс істей бастайтынына назар аударамыз.
    Астана қаласында «Астана Дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының базасында кәсіби бағдар беру құралдары офлайн режимде апробациядан өтуде. Тестілеуге +7 (7172) 20 26 83 нөмірі бойынша жазылуға болады
    Qabilet қызметі пилоттық режимде 2021 жылдың наурыз-сәуір айларында және қыркүйек айынан бастап жұмыс істей бастайды.
    Онлайн мектепке бірінші кезекте «Мың бала» ұлттық олимпиада финалистері (ауыл мектептерінің 6-7 сынып оқушылары) қабылданады. Сондай-ақ, 2021-2022 жылдар аралығында онлайн мектепке жекелеген өңірлердегі атқарушы мекеме ұсынған тізім бойынша қабылданды. 2022 жылдың қарашасынан бастап мектеп форматын өзгерту – онлайн мектептің қолжетімділігін Онлайн мектепке бірінші кезекте «Мың бала» ұлттық олимпиада финалистері (ауыл мектептерінің 6-7 сынып оқушылары) қабылданады. Сондай-ақ, 2021-2022 жылдар аралығында онлайн мектепке жекелеген өңірлердегі атқарушы мекеме ұсынған тізім бойынша қабылданды. 2022 жылдың қарашасынан бастап мектеп форматын өзгерту – онлайн мектептің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
    Сабақтар математика, ағылшын және орыс / қазақ тілі пәндері бойынша мұғалімнің тікелей қатысуымен синхронды форматта өтеді. 6-дан 8-сыныпқа дейін ауыл мектептерінің 10 000-нан астам оқушысы оқытылды.
    Онлайн мектеп асинхронды форматқа көшті (мұғалімсіз, кестесіз және сынып құрылмайды). Оқушы өзіне ыңғайлы кез келген уақытта сабақты өз бетінше оқиды.
    Онлайн мектеп платформасында ақпараттық технологиялар (блоктық бағдарламалау, 3Д-модельдеу, бағдарламалау, веб-әзірлеу және т. б.), шығармашылық (мобилография, әлеуметтік медиа және т. б.), жеке тұлғаны дамыту (life-skills, дебаттар және т. б.), спорт саласындағы дағдыларды дамыту білім беру курстары және пәндік олимпиадаларға дайындыққа арналған тапсырмалар орналастырылған. Жоба дамыған сайын курстардың тізімі де кеңейеді.
    Біріншіден, курстар бейнесабақтар жиынтығымен ұсынылған. Жеке тақырыптар презентациялармен және материалды бекітуге арналған тапсырмалармен/тесттермен жабдықталған. Курсты өту процесі геймификациямен жабдықталған. Оқушы кейіннен онлайн мектептің виртуалды дүкенінде нақты тауарларға айырбастауға болатын тиындармен ынталандырылады.
    Бағдарламаға қатысу үшін порталға тіркеліп, қатысуға өтінім қалдыру қажет. Өтінім тіркелгеннен кейін саған Бағдарламалар және тұрғылықты немесе оқитын жеріңе сәйкес тәлімгер ұсынылады. Сонымен қатар сізге нормативтер мен жеке кесте жіберіледі. Нормативтер мен кестені алғаннан кейін сен Бағдарлама талаптарын орындау қажеттілігі туралы хабарландыру аласың.
    Әрбір қатысушы таңдаған бағыты бойынша өз машықтарын жақсартуға, денсаулығын нығайтуға, жаңа достар табуға, өз өлкесін тануға мүмкіндік алады. Бұдан бөлек бағдарлама талаптарының орындалу нәтижесінде үздіктер іріктеліп, олар ерекшелік белгісімен марапатталады. Медаль иегерлерін көтермелеу мақсатында білім беру гранттарын тағайындау конкурсын өткізу кезінде басымдық құқығын беру көзделген.
    Бағдарламаға 14 пен 29 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады.
    «Елбасы Медалі» бағдарламасы 14-29 жас аралығындағы балалар мен жастарға арналған.
    Қола деңгей - 14 жастан жоғары қатысушылар үшін.
    Күміс деңгей - 15 жастан жоғары қатысушылар үшін.
    Алтын деңгей - 16 жастан жоғары қатысушылар үшін.
    Бағдарлама порталына тіркелгеннен кейін, сізге өз өңіріңізден тәлімгерлер ұсынылады. Сіз олардың кез келгеніне жүгіне аласыз.
    Сіз бұрыннан айналысып жүрген спорт түрімен айналысуды жалғастыра аласыз, бағдарламаға қатысу үшін сабақтардың ұзақтығы мен ұдайылығы бойынша талаптарды сақтау қажет. Спорт түрлерінің тізімі, сонымен қатар басқа бағыттар бойынша ұсынылатын сабақ түрлерін «Қатысушы» бөлімінен нақтылауға болады.
    Бейнежазба түріндегі келісімді жіберу міндетті. Себебі карантинге байланысты колмен жазылған келісімді алу қиындық тудырады.
    Бейнежазбада баланың заңды өкілі болу керек.
    • Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
    • Байланыс
    © 2023 EL ÜMITI Корпоративтік қоры. Барлық құқықтар қорғалған
    • Instagram
    • Facebook
    • YouTube