• 8 800 080 48 48
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
    Action Another action
    Something else here
  • RU
  • KZ
  • Басты бет
  • «El Úmiti» бастамасы туралы
  • Елбасы Академиясы туралы
  • Әлеуметтанушылар мектебі
  • Қатысушыларға
  • Жаңалықтар
  • FAQ
  • Байланыс
  • Пікірсайыс хартиясы
8 800 080 48 48

Установите наше приложение:

  • Басты бет
  • «El Úmiti» бастамасы туралы
  • Елбасы Академиясы туралы
  • Әлеуметтанушылар мектебі
  • Қатысушыларға
  • Жаңалықтар
  • FAQ
  • Байланыс
  • Пікірсайыс хартиясы
    • RU
    • KZ
    Басты бет Жаңалықтар

    2021 жылғы «Мың бала» Ұлттық олимпиадасы жеңімпаздарының есімі жарияланды

    02.06.21 12:55 17745
    here is a new's image

    «Мың бала» Ұлттық олимпиадасы жеңімпаздарының есімі белгілі болды. Олар – олимпиаданың II кезеңінде жоғары нәтиже көрсеткен ауыл мектептерінің 5 және 6 сынып оқушылары.

    II кезең барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаумен, өңірлік тестілеу орталықтары базасында офлайн режимде өткізілді. Қатысушылар математикалық сауаттылық, қазақ тілінде оқитын оқушылар үшін қазақ тілі, орыс тілінде оқитын оқушылар үшін орыс тілі, ағылшын тілі мен жаратылыстану пәндері бойынша академиялық білімді бағалауға компьютерлік тестілеуден өтті.

    Жеңімпаздардың есімін төменде жарияланған тізімнен білуге болады. 

    Олимпиада жеңімпаздарына мамандандырылған мектептерге өтінім беру қажеттілігіне назар аударамыз. Өтінімді 8 маусымнан 16 маусымға дейін (қоса алғанда) беруге болады. Мектепке өтінім беру жөніндегі Нұсқаулық: 

    1. https://1000bala.elbasyacademy.kz/ сайтында жеке кабинетке кіру және «Мектептер тізімі» қосымша бетіне өту.
    2. Ашылған тізімнен мектепті таңдап, өтінім толтыру.
    3. Назар аударыңыз, сіз тек бір мектепті таңдай аласыз. Егер сіз таңдалған мектепті ауыстыру керек деп шешсеңіз, сізге берілген өтінішті кері қайтарып, жаңа өтінім толтыру керек.
    4. Өтінім өңделгеннен кейін мектеп әкімшілігі сізбен байланысқа шығады.

    Сонымен қатар, II кезеңнің барлық қатысушыларына Елбасы Академиясының Вirge Oqý онлайн мектебінде тегін оқуға мүмкіндік беріледі. Онлайн мектепте еліміздің жетекші ұстаздары математика, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен қосымша сабақтар өткізеді. Толық ақпаратты birgeoqy.kz сілтемесі арқылы  білуге болады.

    Естеріңізге сала кетейік, «Мың бала» олимпиадасы осымен екінші жыл қатарынан қабілетті ауыл оқушыларын анықтап жатыр. Ұйымдастырушылар: ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен «Елбасы Академиясы» Корпоративтік Қоры.

     

    5 сынып

    6 сынып

    Алдыңғы жаңалық

    Елбасы медальдары жас қазақстандықтарға табыс етілді

    Оқу

    Келесі жаңалық

    Елбасы медальдары жас қазақстандықтарға табыс етілді

    Оқу
    • Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
    • Байланыс
    © 2023 Елбасы Академиясы. Барлық құқықтар қорғалған
    • Instagram
    • Facebook
    • YouTube