Бүгін, 24 қараша күні, елордада химия пәнінен оқушылар арасында ChemTalent байқауы өтті. Жарысқа «EL UMITI Talent» республикалық олимпиадасының жартылай финалисі атанған Астана қаласы мектептерінің 7-9 сыныптарының 40 оқушысы қатысты. Қатысушылар екі адамнан тұратын 20 топқа бөлініп, берілген тапсырмаларға сәйкес химиялық эксперименнтер орындады.
Аталмыш шараның мақсаты – дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, оқушыларды химия пәнінен халықаралық олимпиадаларға қатысуға дайындау, химия саласындағы теориялық және практикалық білімді тереңдету.
I-орынды Қ.Сатпаев атындағы Binom мектебінің оқушысы Алтанбекқызы Айзере және №30 мектеп-гимназиясының оқушысы Сүлейменова Камила иеленді.
II-орынды А.Бөкейханов атындағы №76 мектеп-лицейінің оқушысы Қонысбек Мейіржан мен Т.Айбергенов атындағы №16 орта мектебінің оқушысы Григорий Племянников иеленді.
III-орынды 31 мектеп-гимназиясының оқушысы Искакова Сания мен Садвакасов Х.Ж. атындағы елордалық мектептің оқушысы Кобжанов Микаэл иеленді.
Жеңімпаздар дипломдармен, сондай-ақ ұялы телефондар, bluetooth гарнитуралары мен смарт білезіктер сияқты құнды сыйлықтармен марапатталды.