• 8 800 080 48 48
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
    Action Another action
    Something else here
  • RU
  • KZ
  • Басты бет
  • «El Umiti» бастамасы туралы
  • El Umiti Корпоративтік қоры туралы
  • Қатысушыларға
  • Жаңалықтар
  • FAQ
  • Байланыс
  • Әріптестерге
  • Пікірсайыс хартиясы
8 800 080 48 48

Установите наше приложение:

  • Басты бет
  • «El Umiti» бастамасы туралы
  • El Umiti Корпоративтік қоры туралы
  • Қатысушыларға
  • Жаңалықтар
  • FAQ
  • Байланыс
  • Әріптестерге
  • Пікірсайыс хартиясы
    • RU
    • KZ
    Басты бет Жаңалықтар

    «Балалар мен жастардың қабілеттерін, дарындылығын диагностикалау мен дамытудағы өзекті мәселелер» I Халықаралық психологтар форумының алғашқы күні тәмамдалды

    15.06.23 17:55 992
    here is a new's image

    2023 жылдың 15 маусымында «El Umiti» корпоративтік қоры ҚР Оқу-ағарту министрлігімен және Дарындыларды қолдаудың еуропалық кеңесімен бірлесіп «Балалар мен жастардың қабілеттерін, дарындылығын диагностикалау мен дамытудағы өзекті мәселелер» I Халықаралық психологтар форумының алғашқы күні тәмамдалды. 

    Шара қабілеттер мен дарындылық психологиясы саласының зерттеушілері мен тәжірибелі мамандардың басын біріктіріп, балалар мен жастардың әлеуетін дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған. Астана қаласындағы Назарбаев орталығында өткен іс-шара қатысушыларға пленарлық отырыстар, дөңгелек үстелдер және форсайт-сессиялар арқылы эксперименттік психологиялық зерттеулердің әдістемелері, перспективалары және нәтижелерімен алмасу үшін көптеген мүмкіндіктер берді.

    Пленарлық отырыс аясында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту  вице-министрі Е.С.Оспан, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Б.Байкен, Дарындыларды қолдаудың Еуропалық желісінің (ECHA) вице-президенті, психолог және профессор Сильвия Фодор (Szilvia Fodor), ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Н.Ж.Оспанова, Венгрияның таланттар кеңесінің директоры, ECHA өкілі Чилла Фусжек сияқты жоғары лауазымдағы қонақтар сөз сөйледі. Олар балалар мен жастардың қабілеттері мен дарындылығын дамытудың әртүрлі аспектілеріне назар аударды. 

    Сонымен қатар форумда дөңгелек үстелдер мен форсайт-сессияларға арналған алаң ұсынылды, онда білім беру жүйесіндегі балалардың қабілеттерін дамытуды психологиялық-педагогикалық қолдаудың заманауи тенденциялары, инклюзивті орта жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың қабілеттері мен дарындылығын дамыту жолдары, қабілеттері мен дарындылығын дамытудағы инновациялық тәжірибе, диагностиканың заманауи психотехнологиялары және психикалық денсаулықты нығайту тақырыптары қаралып, дарындылық белгілері бар балалар мен жастардың денсаулығы, сондай-ақ балалардың әл-ауқаты Ұлттың адами капиталын дамытудың негізі ретінде қарастырылды. 

    Балалар психологиясы және таланттар мен дарындылықты дамыту саласындағы жетекші халықаралық және отандық сарапшылардың қатысуымен өткен Crunch-сессиялар форум бағдарламасын толықтырып, қатысушыларға нақты мәселелерді талқылауға және осы саладағы инновациялық шешімдерді табуға мүмкіндік берді.

    Форумның екінші күні 2023 жылдың 16 маусымында өтеді. Форум аясында позитивті психология, білім беру саласындағы мамандарға арналған тестілеуді басқару, шағын мектептердегі балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту және балалардың жеке ерекшеліктеріндегі айырмашылықтар бойынша шеберлік сыныптары өткізіледі.

    Алдыңғы жаңалық

    Елбасы медальдары жас қазақстандықтарға табыс етілді

    Оқу

    Келесі жаңалық

    Елбасы медальдары жас қазақстандықтарға табыс етілді

    Оқу
    • Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
    • Байланыс
    © 2023 El Umiti Корпоративтік қоры. Барлық құқықтар қорғалған
    • Instagram
    • Facebook
    • YouTube