• 8 800 080 48 48
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
    Action Another action
    Something else here
  • RU
  • KZ
  • Басты бет
  • «El Úmiti» бастамасы туралы
  • EL ÜMITI Корпоративтік қоры туралы
  • Қатысушыларға
  • Жаңалықтар
  • FAQ
  • Байланыс
  • Пікірсайыс хартиясы
8 800 080 48 48

Установите наше приложение:

  • Басты бет
  • «El Úmiti» бастамасы туралы
  • EL ÜMITI Корпоративтік қоры туралы
  • Қатысушыларға
  • Жаңалықтар
  • FAQ
  • Байланыс
  • Пікірсайыс хартиясы
    • RU
    • KZ
    Басты бет Жаңалықтар

    «Жетістікке жету жолы!»бейнероликтер байқауының  ЕРЕЖЕСІ

    23.05.23 11:00 4184
    here is a new's image

     

    «Жетістікке жету жолы!»

    бейнероликтер байқауының

    ЕРЕЖЕСІ

     

    1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

     

    1. Осы ереже «Жетістікке жету жолы!» бейнероликтер байқауын ұйымдастыру мен өткізу тәртібін, қатысушылардың мақсатын, санатын (бұдан әрі - Байқау) айқындайды.

    2. Байқауға 14-18 жас аралығындағы «Елбасы медалі» ерекшелік белгісінің иегерлері және ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары (бұдан әрі - Қатысушы) қатыса алады. 

    3.  Байқауға қатысу тегін.

    4. Байқау ұйымдастырушысы: «El Umiti» қоры»корпоративтік қоры (бұдан әрі - Ұйымдастырушы). 

     

    1. Байқау мақсаты

    5. Байқаудың мақсаты - «El Umiti»бастамасы жобаларының қатысушылары арасынан көшбасшыға тән қасиеті бар, белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасқаншығармашыл жастар қауымдастығын құру. 

     

    1. БАЙҚАУ ӨТКІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

    6. Өтетін уақыты мен мерзімі: 2023 жылғы 22 мамырдан  4 маусымға  дейін.

    7. Қатысушы белгіленген мерзім ішінде өзінің Instagram парақшасына өзі жасаған бейнероликті орналастырып, бейнероликке «El Umiti – 2023» жазғы лагеріне барғым келеді» деп сипаттама жазып, Ұйымдастырушының @el_umiti.kz парақшасын міндетті түрде белгілеуі қажет.

    8. Байқауға ұзақтығы 2 минуттан аспайтын бейнероликтер қабылданады. Бейнеролик төмендегі деректерді қамтып, ашуы керек: 

    • «Елбасы медалі»/«Мың бала» жобасы менің одан әрі дамуыма қалай ықпал етті;
    • «Елбасы медалі»/«Мың бала» жобасының менің өмірімде алар маңызы;
    • «Елбасы медалі»/«Мың бала» жобасына қатысқаннан кейін қол жеткізген жетістіктерім.

            9. Қатысушылар бейнеролик форматын өздері таңдай алады (сұхбат, репортаж, бейнебаян, reels және т.б.). Бейнеролик тек суреттерден тұрмауы керек.

    1. Байқауға жеке және заңды тұлғалардың ар-намысы мен намысын қорлайтын, Байқау тақырыбына сәйкес келмейтін бейнероликтер қабылданбайды.
    2. Қатысушы Байқау Ұйымдастырушысына бейнероликтерді бұқаралық ақпарат құралдарында және интернетте жариялауға келісімін береді.
    3. Бейнероликтерді бағалауды сараптамалық комиссия жүзеге асырады.
    4. Байқау нәтижелері 2023 жылдың 7 маусымы күні Байқау ұйымдастырушысының https://elumiti.kz//, @el_umiti.kz сайтында және Instagram парақшасында орналастырылады.
    5. Байқау нәтижелері жарияланған кейін 2 күн ішінде посттың астына жеңімпаздар кері байланыc орнату мақсатында өздерінің байланыс нөмірлерін  қалдыруы қажет.
    6. Жеңімпаз көрсетілген мерзімде хабарласпаған жағдайда, Ұйымдастырушы жеңімпазды резервтік тізім қатарынан қатысушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.
    7. Байқау қорытындысы бойынша апелляция болмайды.
    8. Үздік бейнероликтердің авторлары Ақмола облысы, Бурабай Ұлттық табиғи паркінің аумағында өтетін «El Umiti-2023» жазғы лагеріне шақырылады.

    Лагерь бағдарламасында шеберлік сыныптарын өткізу, экскурсиялар және басқа да іс-шаралар қарастырылған. Спикерлер мен жаттықтырушылар ретінде танымал БАҚ өкілдері, Қазақстандық чемпиондар, бизнес көшбасшылары, блогерлер қатысады. 

    1. Лагерьге жолдама: тегін бару, қайтуды (Астана қаласынан демалыс аймағына дейін және кері қарай), тамақтануды, орналасуды қамтиды.

    Қатысушы мен онымен бірге еріп жүретін адамның Астана қаласына дейінгі және Астанадан кері жол жүру ақысы жіберуші тараптың (ата-анасы немесе заңды өкілдерінің) қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 

     

    IV. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

     

    1. Ұйымдастырушы кез келген уақытта осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
    2. Байқауға қатысу Қатысушылардың осы Ережемен толық келісетінін білдіреді, сондай-ақ ұйымдастырушының оның жеке деректерін жинауына, сақтауға және өңдеуіне Қатысушының келісетінін растайды. Келісім Байқау өту кезеңінде және ол аяқталғаннан кейін екі жылға жарамды.

    Алдыңғы жаңалық

    Елбасы медальдары жас қазақстандықтарға табыс етілді

    Оқу

    Келесі жаңалық

    Елбасы медальдары жас қазақстандықтарға табыс етілді

    Оқу
    • Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
    • Байланыс
    © 2023 EL ÜMITI Корпоративтік қоры. Барлық құқықтар қорғалған
    • Instagram
    • Facebook
    • YouTube