• 8 800 080 48 48
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
    Action Another action
    Something else here
  • RU
  • KZ
  • Басты бет
  • «El Úmiti» бастамасы туралы
  • EL ÜMITI Корпоративтік қоры туралы
  • Қатысушыларға
  • Жаңалықтар
  • FAQ
  • Байланыс
  • Пікірсайыс хартиясы
8 800 080 48 48

Установите наше приложение:

  • Басты бет
  • «El Úmiti» бастамасы туралы
  • EL ÜMITI Корпоративтік қоры туралы
  • Қатысушыларға
  • Жаңалықтар
  • FAQ
  • Байланыс
  • Пікірсайыс хартиясы
    • RU
    • KZ
    Басты бет Жаңалықтар

    «Мың бала» олимпиадасының мың жеңімпазы белгілі болды

    12.05.23 18:24 2494
    here is a new's image

    «Мың бала» олимпиадасы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 2023 жылдың 3-7 сәуір аралығында өтіп, логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалауға арналған тапсырмаларды қамтыды. Тестілеу онлайн форматта өткізілді. Ең жоғары қорытынды балл жинаған бес мың оқушы олимпиаданың екінші кезеңіне жолдама алды. 

    Екінші кезең 2023 жылдың 26-28 сәуір аралығында өңірлік тестілеу орталықтары базасында ұйымдастырылды. Екінші кезеңде қатысушылар математикалық сауаттылық, қазақ тілі, орыс тілінде оқитын оқушыларға арналған орыс тілі, ағылшын тілі мен жаратылыстану пәндері бойынша академиялық білімге баға беретін компьютерлік тестілеуге қатысты.

    Биылғы олимпиадаға қатысу үшін ауыл мектептерінің 6-сыныптары арасында 92 мыңға жуық оқушы тіркелді. І кезеңге 81 мыңнан астам оқушы қатысты, ал кезең  нәтижесімен ең көп балл жинаған 5000 финалист іріктелді. II кезеңде олимпиаданың шекті балы ең жоғары 1000 балдан 515,54 балды құрады. Қатарластарынан озған мың бала олимпиада жеңімпазы атанды. 

    Олар еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мектептерінде: Республикалық физика-математика мектебінде, «Білім-Инновация» лицейлерінде, «Дарын” мамандандырылған мектептерінде оқуға мүмкіндік алады. 

    «Мың бала»  - ауыл балаларын қолдауға және дамытуға, олардың қалалық құрдастарымен табысты бәсекелесуі үшін жағдай жасауға, білім алшақтығын қысқартуға бағытталған ұлттық ауқымдағы бірегей жоба. «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасы ауыл оқушылары үшін «білім алу баспалдағына» айналды. 

    Олимпиаданы «Ел Үміті» қоры» КҚ  ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бірлесе ұйымдастырады. 

    2023 жылғы жеңімпаздардың тізімі 

    Алдыңғы жаңалық

    Елбасы медальдары жас қазақстандықтарға табыс етілді

    Оқу

    Келесі жаңалық

    Елбасы медальдары жас қазақстандықтарға табыс етілді

    Оқу
    • Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
    • Байланыс
    © 2023 EL ÜMITI Корпоративтік қоры. Барлық құқықтар қорғалған
    • Instagram
    • Facebook
    • YouTube