• 8 800 080 48 48
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
    Action Another action
    Something else here
  • RU
  • KZ
  • Басты бет
  • «El Úmiti» бастамасы туралы
  • EL ÜMITI Корпоративтік қоры туралы
  • Қатысушыларға
  • Жаңалықтар
  • FAQ
  • Байланыс
  • Пікірсайыс хартиясы
8 800 080 48 48

Установите наше приложение:

  • Басты бет
  • «El Úmiti» бастамасы туралы
  • EL ÜMITI Корпоративтік қоры туралы
  • Қатысушыларға
  • Жаңалықтар
  • FAQ
  • Байланыс
  • Пікірсайыс хартиясы
    • RU
    • KZ
    Басты бет Жаңалықтар

    Ертегілер байқауыныңЕРЕЖЕСІ 

    10.02.23 18:22 114
    here is a new's image

    Жалпы ережелер 

     

    1. Осы ереже Елбасы Академиясы бастамасымен ұйымдастырылған ертегілер байқауының (әрі қарай - байқау) жеңімпаздарын анықтауды реттейді.
    2. Байқау мақсаты – қазақстандық заманауи көркем әдебиетті қолдау, дамыту және насихаттау.
    3. Байқау міндеттері:
    4. Қазақстандық талантты жас авторларды тауып, оларды ынталандыру;
    5. Балаларға арналған заманауи көркем және баспа контенті тенденцияларын қалыптастыруға көмектесу.
    6. Байқау ұйымдастырушысы - Елбасы Академиясы (әрі қарай – ұйымдастырушы).
    7. Келесі номинациялар бойынша орындар беріледі:
    8. Гран-при;
    9. 1-ші орын;
    10. 2- ші орын;
    11. 3-ші орын.
      1. Ертегілер байқауының басталуы туралы хабарлама www. elumiti.kz Елбасы Академиясы сайтында, Instagram және Facebook аккаунт парақшаларында жарияланады.

    Өткізілу тәртібі

     

    1. Байқауға авторлық жұмыстар 2023 жылдың 10 ақпан мен 10 наурызы арасында тапсырылады.
    2. Байқау 11-ші наурыз бен 20-шы наурыз арасында қорытындыланады.
    3. Байқау қорытындысы www. elumiti.kz, Instagram және Facebook аккаунт парақшаларында жарияланатын болады.
    4. Байқау қорытындысы бойынша анықталған жеңімпаздармен байланысу мақсатында WhatsApp/Telegram желісінде топ ашылып, марапаттар мен сыйлықтар жеңімпаздар мекенжайларына жіберіледі.

     

    Авторлық жұмыстарға қойылатын талаптар 

    1.  Байқау сараптамасына бір автордан бұрын еш жерде жарияланбаған екіден артық туынды қабылданбайды. 

    2. Байқауға этикалық нормалар мен авторлық құқықтарды бұзатын, балағат сөздерді қамтитын байқау жұмыстары қабылданбайды.

    3.  Қолжазбалардың бірегейлігі тексеріледі. 

    4. Қолжазба А4, қарпі - Times New Roman, кегль - 14, жоларалық интервал - 1 форматында рәсімделуге тиіс. Ертегі көлемі 10 беттен кем болмауы керек. 

    5. Байқауға «Елбасы Академиясы» КҚ қызметкерлері немесе ұйымдастырушылар, олардың жақын туыстары қатыстырылмайды.

     

    Жұмыстардың қабылдану тәртібі

     

    1. Ертегілер байқауына 16 жастан 22 жасқа дейінгі жастардың қазақ және/немесе орыс тілдеріндегі шығармалары қабылданады.
    2. Байқауға қатысуға өтінім тек электрондық поштаға  press@elumiti.kz қабылданады, ертегінің тақырыбы жазылып, келесі құжаттар қоса ұсынылуы тиіс:

    1) шығарма;

    2) автор туралы мәліметтер жинақталған құжат - тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, мекенжайы, байланыс телефоны, e-mail. 

    3.  Байқауға қатысуға өтінімді жібере отырып, шығарма авторы: 

    1)  шығарма авторы өзі екенін, оның бірегейлігін растайды;

    2) байқау ұйымдастырушыларының шешімі бойынша шығарманы бұқаралық ақпарат құралдарында, жинақтарда және ғаламторда жариялау құқығы мен келісімін береді. 

    3)   авторлық қаламақы өтемін талап етпейді

    5. Жолданған қолжазбаларға рецензия жасалмайды және қайтарылмайды.

     

    Жеңімпаздарды анықтау тәртібі

     

    1. Ұйымдастырушы жасақтаған қазылар алқасы байқауға келіп түскен қолжазбаларды бағалап, жеңімпаздарды анықтайды. 

    2. Байқау комиссиясының құрамы мен төрағасын ұйымдастырушы бекітеді.

    3. Комиссия байқау талаптарына сәйкес келмейтін жұмыстарды қарастырмауға құқылы (авторлары көрсетілмеген шығармалар  қарастырылмайды).

    4. Байқауға келіп түскен шығармаларды сараптауға комиссия мүшелеріне авторы көрсетілмей жіберіледі. 

    5. Қорытынды шешім кворум мүшелерінің жалпы санының 2/3-інің қатысуы  арқылы ашық дауыс беру нәтижесінде қабылданады. 

    6. Байқау жұмыстарын сараптау барысында комиссия мүшелері басшылыққа алатын критерийлер: ертегі тақырыбының актуалдылығы мен қайталанбауы (түпнұсқада болуы), шығарманың баяндау тілінің айқындығы/бейнелілігі 

    7. Комиссия мүшелерінің қорытынды шешімі қабылданғанға дейін автордың белгісіздігі принципі сақталады. 

    8. Комиссия шешімі -  соңғы шешім, қайта қарастырылмайды. 

    9.Жүлдеге лайық шығарма болмаған жағдайда комиссия ұйымдастырушыларға жеңімпазды анықтаудан толықтай немесе ішінара бас тартуды ұсынуға құқылы.

    Алдыңғы жаңалық

    Елбасы медальдары жас қазақстандықтарға табыс етілді

    Оқу

    Келесі жаңалық

    Елбасы медальдары жас қазақстандықтарға табыс етілді

    Оқу
    • Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
    • Байланыс
    © 2023 EL ÜMITI Корпоративтік қоры. Барлық құқықтар қорғалған
    • Instagram
    • Facebook
    • YouTube