• 8 800 080 48 48
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
    Action Another action
    Something else here
  • RU
  • KZ
  • Басты бет
  • «El Úmiti» бастамасы туралы
  • Елбасы Академиясы туралы
  • Әлеуметтанушылар мектебі
  • Қатысушыларға
  • Жаңалықтар
  • FAQ
  • Байланыс
  • Пікірсайыс хартиясы
8 800 080 48 48

Установите наше приложение:

  • Басты бет
  • «El Úmiti» бастамасы туралы
  • Елбасы Академиясы туралы
  • Әлеуметтанушылар мектебі
  • Қатысушыларға
  • Жаңалықтар
  • FAQ
  • Байланыс
  • Пікірсайыс хартиясы
    • RU
    • KZ
    Басты бет Жаңалықтар

    ҚАЗАҚСТАНДА АУЫЛ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН «МЫҢ БАЛА» ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ БАСТАЛАДЫ

    24.02.21 10:41 2342
    here is a new's image

    Олимпиадаға Қазақстанның ауылдық мектептерінде соңғы екі оқу жылында білім алып жатқан 5 және 6-сынып оқушылары қатысады.

    «Түрлі олимпиадаларды өткізу тәжірибесі ауыл балаларының аз қатысатынын көрсетеді. Статистика бойынша облыстық және республикалық олимпиадаларға ауылдық мектеп оқушыларының 13-14%-ы қатысады, бұл олардың дайындық деңгейіне және олимпиада өткізілетін орындардан алшақтығына байланысты. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ауыл оқушыларын ғана қамтитын «Мың бала» ұлттық олимпиадасын өткізеді», – деп хабарлады «Елбасы Академиясы» Корпоративтік Қорының басқарушы директоры Ануар Жанғозин.

    «Мың бала» олимпиадасы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалауды қамтиды. Тестілеу онлайн форматта өтеді. Өңірлер бойынша ең жоғары қорытынды балл жинаған бес мың оқушы олимпиаданың екінші кезеңіне жолдама алады.

    Екінші кезеңде қатысушылар математикалық сауаттылық, қазақ тілінде білім алатын оқушылар қазақ тілі, орыс тілінде білім алатын оқушылар орыс тілі, ағылшын тілі және жаратылыстану пәндері бойынша академиялық білімді бағалау үшін компьютерлік тестілеуден өтеді. Екінші кезең өңірлік тестілеу орталықтары базасында ұйымдастырылады.

    Олимпиадаға тіркелуді 1000bala.elbasyacademy.kz сайтында жүргізуге болады.

    Олимпиада жеңімпаздары еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мектептерінде: «Білім-Инновация» лицейлерінде, Республикалық физика-математика мектептерінде және «Дарын» мамандандырылған мектептерінде оқуға мүмкіндік алады. Олимпиаданың бес мың финалисі Елбасы Академиясының «Вirge oqý» онлайн-мектебінде тегін оқи алады.

    2020 жылы «Мың бала» олимпиадасына 295 мың оқушы қатысты. Олимпиада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының  Еl Úmiti - талантты жастарды анықтау және қолдау бастамасы аясында өткізіледі. Олимпиаданы Елбасы Академиясы ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп ұйымдастырады.


     

    Алдыңғы жаңалық

    Елбасы медальдары жас қазақстандықтарға табыс етілді

    Оқу

    Келесі жаңалық

    Елбасы медальдары жас қазақстандықтарға табыс етілді

    Оқу
    • Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
    • Байланыс
    © 2023 Елбасы Академиясы. Барлық құқықтар қорғалған
    • Instagram
    • Facebook
    • YouTube