• 8 800 080 48 48
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
    Action Another action
    Something else here
  • RU
  • KZ
  • Басты бет
  • «El Úmiti» бастамасы туралы
  • Елбасы Академиясы туралы
  • Әлеуметтанушылар мектебі
  • Қатысушыларға
  • Жаңалықтар
  • FAQ
  • Байланыс
  • Пікірсайыс хартиясы
8 800 080 48 48

Установите наше приложение:

  • Басты бет
  • «El Úmiti» бастамасы туралы
  • Елбасы Академиясы туралы
  • Әлеуметтанушылар мектебі
  • Қатысушыларға
  • Жаңалықтар
  • FAQ
  • Байланыс
  • Пікірсайыс хартиясы
    • RU
    • KZ
    Басты бет Жаңалықтар

    Астанада Ұлттық «ТҰҢҒЫШ CUP» гранд-турнирі өтті

    19.12.22 17:13 126
    here is a new's image

    Астанада екі күнге жалғасқан дәстүрлі «ТҰҢҒЫШ CUP» Ұлттық пікірсайыс гранд-турнирі аяқталды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен колледж бен ЖОО студенттері және магистранттар арасынан 120 фракция өтінім беріп, олардың арасында ең үздік 60 фракция іріктелді.

     Қатысушылар қайырымдылық мәдениеттің етек алуы, меншік құқығының санын шектеу, жеке табысқа салық салудың шкаласын енгізу, жаhандануға қарсы антиглобализм, ата-аналар мен балалар арасындағы қаржылық мәселелердің еркін талқылануы сынды қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады. 

    - Биыл пікірсайыс қозғалысы қорының қолдауы институционалдық формаға айналды. Біздегі мәселе - жай ғана турнирлер өткізіп, оларды ұйымдастыру ғана емес, мемлекеттік органдармен, министрліктермен, әкімдіктермен бірлесіп пікірталас қозғалысын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізу. Қазақстанның көрші елдерге пікірталас қозғалысының үлгісі болуға барлық мүмкіндігі бар. Сол себепті пікірсайыс қозғалысын сапалы регламенттеуші құжаттармен барынша түсінікті және ашық бағалау, өңірлерде талантты пікірсайысшыларды іздеу - келесі жылға арналған мақсат-міндеттің бірі, - деді “Елбасы Академиясының” директоры Асланбек Әмрин. 

    Турнир – пікірсайыс қозғалысын дамыту құралының бірі. Академия пікірсайыс аймағын кеңейтуге күш жұмылдырып отыр. Алдағы уақытта оның саны да, аумағы да ұлғаймақ. Студенттер арасында қатарынан екінші жыл өткен дәстүрлі «ТҰҢҒЫШ CUP» Ұлттық гранд-турнирінің жүлде қоры – 3,7 млн. Іс-шараның өтуіне «Елбасы Академиясы» Корпоративтік қоры мұрындық болған. Отандық пікірсайыс қозғалысының дамуын белсенді қолдайтын қор бұдан өзге де пікірсайыс клубтары өткізетін халықаралық турнирлердің Бас демеушісі.

    Жеңімпаздар (қазақ лигасы): NU Taraz: Бейсенбай Алинур, Нұрланұлы Мади Финалистер: Парасат А: Рисбекова Сания, Әлияр Тоғжан Adastra: Қуанышева Айтолқын, Менлен Наурызбай Күтпедіңдер ме: Ағыбайқызы Айнагүл, Өміржанов Амир Жеңімпаздар (орыс лигасы): Еламан: (Саяқов Самат, Темирзакулы Бакберген) Финалистер: Parassat A: (Гельдт Надежда, Амирова Алинура) Ташкентский секрет: (Абдрахметова Зарема, Нұрмағамбетов Шыңғыз) Invictus: (Нуртай Алихан, Рыскулбек Нурай) Үздік спикер (қазақ лигасы): Бейсенбай Алинур Үздік спикер (орыс лигасы): Қасымов Амирлан Үздік пост (қазақ лигасы): Аманжол Асман Үздік пост (орыс лигасы): Айдын Дина Үздік цитата (қазақ лигасы): Қырықбай Ғалымжан Үздік цитата (орыс лигасы): Қанағатова Жансая

    Алдыңғы жаңалық

    Елбасы медальдары жас қазақстандықтарға табыс етілді

    Оқу

    Келесі жаңалық

    Елбасы медальдары жас қазақстандықтарға табыс етілді

    Оқу
    • Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
    • Байланыс
    © 2023 Елбасы Академиясы. Барлық құқықтар қорғалған
    • Instagram
    • Facebook
    • YouTube