• 8 800 080 48 48
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
    Action Another action
    Something else here
  • RU
  • KZ
  • Басты бет
  • «El Úmiti» бастамасы туралы
  • Елбасы Академиясы туралы
  • Әлеуметтанушылар мектебі
  • Қатысушыларға
  • Жаңалықтар
  • FAQ
  • Байланыс
  • Пікірсайыс хартиясы
8 800 080 48 48

Установите наше приложение:

  • Басты бет
  • «El Úmiti» бастамасы туралы
  • Елбасы Академиясы туралы
  • Әлеуметтанушылар мектебі
  • Қатысушыларға
  • Жаңалықтар
  • FAQ
  • Байланыс
  • Пікірсайыс хартиясы
    • RU
    • KZ
    Басты бет Жаңалықтар

    Астанада Қазақстан тарихы бойынша олимпиаданың финалы өтті 

    05.12.22 10:49 191
    here is a new's image

    Елімізде геймификацияны қолдана отырып, Қазақстанның жаңа тарихы бойынша Ұлттық олимпиада өтті. 1 желтоқсан күні "Елбасы Академиясы" КҚ "Тәуелсіздік дәуірі" үстел ойынының финалын Астанада ұйымдастырды. Онлайн режимінде іріктеу кезеңінен өткен 20 мықты ойыншы елордалық Оқушылар сарайында бес командаға бөлініп ойнады. 

    Ойынның I кезеңі 7-14 қараша аралығында жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында kzgame.kz сайтында онлайн форматта өткен болатын (90%-ы – колледж студенттері).

    20 үздік ойыншы финалист атанды. Сындарлы сынақтан тұратын ойынның жеңімпаздары: 

    • Гран-при – Алишер Ахметов (Павлодар облысы, Машина жасау колледжі);
    • 1-орын – Даниил Ткачев (Қарағанды облысы, Теміртау жоғары медициналық колледжі ЖМ);
    • 2-орын – Айтуар Багау (Павлодар облысы, Павлодар жоғары Басқару колледжі);
    • 3-орын – Ульяна Берверт (Ақмола облысы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледж).

    Ойын Тәуелсіз Қазақстанның 1991-2019 жылдар аралығындағы қалыптасу мен даму кезеңдерін қамтыған. Ойында оқиғалардың нәтижесінің 700-ден астам нұсқасы қарастырылған, бұл білім сапасын ғана емес, сонымен қатар қатысушылардың стратегиялық ойлау, коммуникация, шығармашылық және қаржылық сауаттылық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Олимпиаданың барлық кезеңінде ойын сессияларының саны - 48 059-і құраса, оның 25 202-і жеңістер екеніне мән беру керек. 

    - Білім беру саласында геймификацияны енгізу үрдісі пайда болды. Тәжірибеге зер салсақ,  сәтті нәтижелерді көрсетті. Бізде ойынның үстел нұсқасы ғана емес, сонымен қатар онлайн форматы да бар. Ойын барысында қатысушы еліміздің тарихын зерттеп қана қоймай, стратегиялық ойлауды, логиканы және т.б. қасиеттерді дамытады. Ойын барысының өзі қызықты. Көптеген ойындардың ішінен оқушылардың біздің ойынды таңдағандарына қуаныштымыз. Яғни, біз сапалы және бәсекеге қабілетті өнім жасай алдық, - деді ұйым басшысы Асланбек Әмрин. 

    "Өте қызықты ойын, мен оны қайта-қайта ойнағым келеді, әлеуетті Тәуелсіз Қазақстанға қол жеткізу үшін көбірек әл-ауқат қосқан дұрыс болар еді"- Фархатов Айбол, Олимпиада қатысушысы.

    Елімізде геймификацияны қолдана отырып, Қазақстан тарихы бойынша ұлттық Олимпиаданы онлайн форматта өткізу - алғашқы тәжірибе екенін атап өту маңызды. Бүгінде Қазақстан тарихы бойынша оқытушылармен бірлесіп, ойынның мазмұнын (оқиғаларын) оқу бағдарламасына бейімдеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Ұлттық олимпиада жыл сайын өткізіледі деп жоспарланып отыр. 

     

     

    Алдыңғы жаңалық

    Елбасы медальдары жас қазақстандықтарға табыс етілді

    Оқу

    Келесі жаңалық

    Елбасы медальдары жас қазақстандықтарға табыс етілді

    Оқу
    • Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
    • Байланыс
    © 2023 Елбасы Академиясы. Барлық құқықтар қорғалған
    • Instagram
    • Facebook
    • YouTube